"Наурыз мейрамына" арналған қысқы балық аулау бойынша аудандық турнир.

2025 жылдың 15 наурыз күні Пионер ауылдық округінің Есіл өзені бойында «Наурыз Мейрамы» мерекесіне арналған қысқы балық аулау бойынша аудандық турнир өтті. Бұл турнирге ауданымыздың тұрғындары қатысты, сонымен қатар Теміртау қаласынан да қатысушы болды.
Турнир соңында төрешілер жеңімпаздарды анықтады:
1 орын Петр Тархов
2 орын Василий Шестопалов
3 орын Михаил Пшеничников
1, 2, 3 орындарға ие болған қатысушылар мақтау қағаздарымен, кубоктармен және сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ келесі номинациялар бойынша қатысушылар сыйлықтармен марапатталды:
«Ең үлкен балық» - Василий Шестопалов
«Ең кіші балық» - Татьяна Ситникова
«Ең жас қатысушы» - Евгений Ситников
«Ардагер спортшы» - Василий Шестопалов.
Бұл турнирді “Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі” ММ және Пионер ауылдық округі әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Дата публикации
17 марта 2025