"Алғыс айту күні" мерекесіне арналған "қазақ күресінен"ашық аудандық турнир!

01.03.2025жылы Осакаровка кентіңде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ күресінен 2012-2013 ж т жасөспірімдер арасында “Алғыс айту күні” мерекесіне орай ашық аудандық турнир өтті! Турнирге Нұра ауданы, Молодежный кенті, Қарағайлы ауылы және Осакаровка кентінен 78 жас спортшы қатысты. Осы жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы грамота медальдермен марапатталды! Жеңіске деген жігері үшін Қарағайлы ауылының спортшысы Рахман Қажымұқан және осы жарыста үздік техника көрсеткені үшін Осакаровка кентінің спортшысы Жанат Алинур арнайы сыйлықпен марапатталды! Осы жарысқа келген командаларға Алғысымызды білдіреміз!
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дата публикации
03 марта 2025