Осакаров ауданында бұқаралық – көпшілік спорттың дамуы туралы ақпарат

           Ауданда дене шынықтыру және спортпен үнемі айналысатын жастар санының өсуін арттыру, салауатты өмір салты қағидаттарын енгізу, спорт резервін дайындау, мәдени спорт түрлері бойынша үздік спортшыларды анықтау, спорттық инфрақұрылымды ұлғайту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

          

         2024 жылы ауданның кент және ауылдық округтерінде спорт бойынша 20 нұсқаушы жұмыс істеді (Шұнқыркөл, Трудовое, Жансары, Родниковское, Сұңқар, Ертіс ауылдарынан басқа). 2024 жылы жасөспірімдер мен жастардың қатысуымен жергілікті жерлерде нұсқаушылар 300-ден астам іс-шара өткізді.
                   2024 жылы дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін ауданда 56 спорт нысаны бар: 2 спорт кешені, 2 стадион, 1 фитнес – орталық, 7 спорт алаңы, 27 спорт залы, 10 кіріктірілген зал, 5 көпфункционалды хоккей корты, 2 "Street Workout" алаңы.  Барлық нысандар халыққа қолжетімді.

           Осакаров ауданының тұрғындарын спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін (спорт залдары және бассейн):  спорт залдары-2425 ш.м., бассейндер - 777 ш. м. су айналары болу керек. Іс жүзінде бары: спорт залдары - 2614 ш.м., бассейндер - 0 ш. м.. Бұл Осакаров ауданының тұрғындарын спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің 54% құрайды.  2024 жылға арналған жоспар - 53,7%.  Аудан тұрғындарын спорттық инфрақұрылыммен 100% қамтамасыз ету үшін: бассейндер - 777 шаршы су айналары (2 стандартты бассейн) қажет, спорттық залдар 100% қамтамасыз етілген.

             2024 жылы Осакаровка кентінде 1 көпсалалы хоккей корты және жасанды жабыны бар 1 бірлік спорт алаңы орнатылды. 2025 жылы 1 көпфункционалды хоккей корты және спорт алаңы орнатылады деп жоспарлануда.

Аудан бойынша дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысатын халық саны 2024 жылдың қорытындысы  - 11552 адам немесе 38,2% құрайды.

           Осакаров ауданының білім беру мекемелерінде 2291 бала мен жасөспірімдерді қамтитын 210 спорт секциясы жұмыс істейді. Оқушылар тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, дойбы, баскетбол, футбол, волейбол, жеңіл атлетика, қазақ күресі, асық ату, шаңғы және конькимен жүгіру сияқты спорт түрлерімен айналысады.

            Ауданда Осакаровка және Молодежный кенттерінде 2 БЖСМ жұмыс істейді. 2024-2025 оқу жылында Осакаровка кентінің БЖСМ-де спорттың 8 түрі бойынша 42 спорттық секция тобы жұмыс істейді, спортпен шұғылданатындар саны 397 адам және Молодежный кентінің БЖСМ-де спорттың 7 түрі бойынша 42 спорттық секция тобы жұмыс істейді, спортпен шұғылданатындар саны 439 адам. Оқу-жаттығу сабақтары мына спорт түрлері бойынша өткізіледі: дзюдо, грек-рим күресі, қазақ күресі, киокушинкай-кан каратэ, бокс, тоғызқұмалақ, шаңғы жарысы, кір тасын көтеру спорты, футбол, волейбол, баскетбол.

          "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ жанынан 147 адамды қамтитын 5 балалар-жасөспірімдер клубы жұмыс істейді және қосымша білім беру мекемесі жанынан 1 "Атлет" аула клубы (31 адам) бар.

            Бөлім 2024 жылы аудандық деңгейде 110 спорттық - бұқаралық іс-шара өткізді, оның ішінде 47 ұлттық спорт түрлері бойынша (қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, көкпар, теңге ілу, аударыспақ). Жыл сайын жазғы және қысқы спорт түрлері бойынша аудандық Спартакиадалар өткізіледі: "Қарлы қыс", "Сарыарқа", мүгедектігі бар адамдар арасында, мемлекеттік қызметкерлер арасында, мұғалімдер арасында жасөспірімдер ойындары. Биыл нашақорлықтың алдын алу бойынша аудандық деңгейдегі 2 ірі іс-шара өткізілді. Бұл Осакаровка кентінде 542 адамды қамтыған аудандық жасөспірімдер ойындары және 600-ден астам адамды қамтыған "Сарыарқа 2024" аудандық жазғы Спартакиадасы. Барлық ұйымдастырылған іс-шараларға жыл бойы 11800-нан астам адам қатысты. 

          2024 жылы ауданның ауылдық округтерінде 20 спорт нұсқаушылары жұмыс істейді.  Спорт нұсқаушылары функционалдық міндеттеріне сәйкес бекітілген спорт алаңдарында бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу, спорттық үйірмелер ұйымдастыру сияқты жұмыстарды ұйымдастырады. 2024 жылы нұсқаушылар жергілікті жерлерде жасөспірімдер мен жастармен 350-ден астам іс-шара өткізді.          

Осакаров ауданында бұқаралық – көпшілік спорттың дамуы туралы ақпарат
Дата публикации
21 января 2025