Осакаров ауданында 2021 жылы спортты дамыту бойынша ақпарат

Ауданда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде айналысатындар санының өсуін арттыру, салауатты өмір салты қағидаттарын енгізу, спорт резервін дайындау, спорттың сан алуан түрлері бойынша үздік спортшыларды анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

2021 жылдың қорытындысы бойынша ауданда дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны - 9822 адам немесе аудан тұрғындарының жалпы санының 32,5%.

2021-2022 оқу жылында 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер саны– 4909, оның ішінде: 65 бала денсаулық жағдайы бойынша сабақтан босатылды. Осакаров ауданының білім беру мекемелерінде 2273 баланы қамтитын 177 спорт секциясы жұмыс істейді. Оқушылар тоғыз құмалақ, шахмат, үстел теннисі, дойбы, баскетбол, футбол, волейбол, жеңіл атлетика, қазақ күресі, асық ату, шаңғы және конькимен жүгіру спорт түрлерімен айналысады.

2021-2022 оқу жылында Осакаровка кентінің БЖСМ-де спорттың 7 түрінен 39 спорт секциясы тобы жұмыс істейді, шұғылданушылар саны 380 адам және Молодежный кентінің БЖСМ-де спорттың 6 түрінен 41 спорт секциясы тобы жұмыс істейді, шұғылданушылар саны 435 адам жаттықтырушылар құрамы 28 адам, оның ішінде 18 штаттық жаттықтырушы оқытушылар, 10 қоса  жұмыс істейді. Оқу-жаттығу сабақтары спорт түрлері бойынша өткізіледі: грек-рим күресі, қазақ күресі, киокушинкай-кан каратэ, бокс, тоғызқұмалақ, шаңғы жарысы, футбол, волейбол, баскетбол.

Ауданда «Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ жанында және Пионер ауылының № 3 ОМ, Осакаровка кентінің № 12 ОМ білім беру мекемелерінде 3 балалар-жасөспірімдер клубы бар (198 адам) және қосымша білім беру мекемелерінде 1 «Атлет» аула клубы жұмыс істейді (31 адам).

Дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін ауданда 144 спорт ғимараты бар: 2 спорт кешені, 2 стадион, 1 фитнес – орталық, 7 шаңғы базасы, 12 ату тирі, 73 спорт алаңы, 30 спорт залы, 11 жапсарлас зал, 3 көпфункционалды хоккей корты, 2 «Street Workout» алаңы, 1 теннис корты. Барлық нысандар халыққа қолжетімді.

2021 жылы Осакаровка кентінде Street Workout алаңының 1 бірлігі орнатылды. Молодежный кентінің «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 303,3 млн.теңгеге спорт кешеніне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2021 жылға 144 млн.теңге бөлінді. Жұмыстар 2 жылға жоспарланған (2021 – 2022 жылдар). Ауданда тағы бір басым міндет Осакаровка кентінде жүзу бассейнін салу болып табылады, қазіргі уақытта облыстық басқармаға бюджеттік өтінім берілді.

      Бөліммен 2021 жылы аудандық деңгейде 85 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оның ішінде 68 онлайн форматта. Барлық іс-шараларға 3500-ден астам адам қатысты. 2021 жылы жергілікті деңгейде спорттық - бұқаралық іс-шараларды өткізуге 1,5 млн.теңге бөлінді (кубоктар, медальдар, жүлделер және спорттық мүкәммалдар сатып алу).

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 марта 2022