"СолтүстікҚазақстаноблысыАқжарауданыденешынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдықмемлекеттікмекемесінің
2025жылғамемлекеттікқызметкөрсетумәселелерібойынша есебі
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкесмемлекеттік көрсетілетін қызмет –көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.
Дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес (01.01.2026 ж. өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес) мемлекеттік қызметтін көрсетеді: «Спорттық разрядтарды беру: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, нұсқаушы-біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты спортшы, спорт төрешісі».
2025 жылы 99 (тоқсан тоғыз) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация арқылы – 99 қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартулар - 3.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылған (заң, көрсетілетін қызметтердіңқағидалары, өтініштердің үлгілері, шағымдар журналы).Сондай-ақ, бұл ақпарат мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Қызметтер ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңына,"Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығынасәйкес көрсетіледі. Сілтеме: : https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1400009675
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2025 жыл ішінде қызмет көрсетуде бұзушылық тіркелген жоқ және мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша шағымдар түскен жоқ.
2025 жылы бөліммен мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты 11 ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы мен тиiмдiлiгiн көтеру және қызмет алушылардың қанағаттандырылуын арттыру мақсатында iшкi бақылауды және мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттырып отыру, ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу жоспарлануда.
Бөлім басшысыА.Ж.Апенов
Орын.: Т.Шингожина
тел:+7(71546) 21-396