"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкесмемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.
Дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес (28.12.2023 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 1 түрін көрсетті:
Спорттық разрядтарды беру: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, нұсқаушы-біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты спортшы, спорт төрешісі.
2023 жылы 5 (бес) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация арқылы – 5 қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылған (заң, көрсетілетін қызметтердің қағидалары, өтініштердің үлгілері, шағымдар журналы). Сондай-ақ, бұл ақпарат мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Қызметтер ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңына, "Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуді ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2023 жыл ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.
2023 жылы бөлім мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты 4 ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, оның ішінде әлеуметтік желілерде 2 мақалалар, брошюралар тарату бойынша 2 акциялар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау тұрақты негізде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2023 жыл ішінде "СҚО Ақжар ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі " КММ-не шағымдар түскен жоқ.
Бөлім басшысы А.Ж.Апенов