"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкесмемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.
Дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (01.01.2022 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 1 түрін көрсетті:
Спорттық разрядтарды беру: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, нұсқаушы-біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты спортшы, спорт төрешісі.
2022 жылы 1 (бір) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: "Азаматтарға арналған үкімет" арқылы – 1 қызмет.
Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі себебінен мемлекеттік қызмет көрсетуден 1 дәлелді бас тарту тіркелген.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылған (заң, көрсетілетін қызметтердің қағидалары, өтініштердің үлгілері, шағымдар журналы).Сондай-ақ, бұл ақпарат мемлекеттік органның ресми сайтында орналастырылған. Әкімдік ғимаратында электрондық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу бұрышы бар.
Қызметтер ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңына, "Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуді ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2022 жыл ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.
2022 жылы бөлім мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты 4 ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, оның ішінде тікелей эфирлер, мақалалар, брошюралар тарату бойынша акциялар. Сонымен қатар Мемлекеттік корпорация ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау тұрақты негізде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2022 жыл ішінде "СҚО Ақжар ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ-не шағымдар түскен жоқ.
Бөлім басшысы
А. Ж. Апенов