ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАР
Қоғамдық жұмыстар - бұл атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және азаматтардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша орындайтын еңбек қызметінің түрлері.
Қоғамдық жұмыстарға:
1) жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде ресми тіркелген азаматтар;
2) оқудан бос уақытта студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда;
3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар қатысады.
Жұмыссыздардың тіркелуі үшін " Жезқазған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы " КММ, Ғарышкерлер көшесі, 39/а мекен-жайына жүгіну қажет.
Қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі 12 айға дейін.
Қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу ағымдағы жылға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айына бір ең төменгі жалақы мөлшерін құрайды.
Жыл басынан ақылы қоғамдық жұмысқа 462 адам жіберілді, жылдық жоспар – 655 адам.