Жастар практикасы
Жастар практикасына қатысуға оқу орнын аяқтаған соң алған мамандығы бойынша жұмыс өтілі жоқ түлектер қатысуға құқылы.
Жастар практикасы қаланың барлық мекемелері, ұйымдары және кәсіпорындарында ұйымдастырылып, жүргізіледі.
Уәкілетті орган жұмыс берушілермен келісім-шарт негізінде жұмыс атқарады.
Келісім -шартта жұмысқа қабылданатын жұмыссыздардың саны, жұмыс беруші жұмысқа қабылдайтын кәсіптің (мамандықтың) тізімі көрсетіледі.
Оқу орындарының түлектеріне – жұмыссыздарға уақытша жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген жұмыс берушілер уәкілетті органмен келісім – шарт жасайды.
Жастар практикасын жүргізу ісшараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады
Жастар практикасына қатысушылардың еңбек ақысын төлеу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен ағымдағы жылға белгіленген көлемде жұмыс істеген уақытына Уәкілетті орган арқылы жүргізіледі (2021 жылы 25 АЕК, яғни 72925 теңге).
Жастар практикасына қатысу мерзімі 6 айды құрайды.
Практика аяқталған соң, егер жұмыс берушіде бос жұмыс орны болса, тұрақты жұмысқа қабылдайды, жұмыс орны болмаған жағдайда мінездеме беріп, практика өткені туралы еңбек кітапшасына көрсетеді.
2021 жылдың қаңтар-маусым айларына жастар практикасына 23 адам жіберілді (жылдық жоспар 60 адам).