Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі "Жаңаарқа ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 42/237 шешімі негізінде 1 қазан - Қарттар күніне ең төменгі зейнетақы алатын 948 зейнеткерге 20 000 (жиырма мың) теңгеден жергілікті бюджеттен 18 миллион 960 мың қаражат төленді.
Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Аманжолов Әсет Жұмажанұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Абжанов Амангельды және ауыл ақсақалдарының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында аудан тұрғындарына Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі №42/237 «Жаңаарқа ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес әлеуметтік көмек көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді.
Атап айтқанда, жыл сайын 1 қазан – Қарттар күніне орай 70 жасқа толған және одан жоғары жастағы зейнеткерлерге көрсетіліп келген бір реттік әлеуметтік көмек, ендігі уақытта әлеуметтік көмек ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге көрсетілетін болады.
Кездесу барысында әлеуметтік көмек алуға қатысты өзгерістердің мәні мен оны алу тәртібі жан-жақты түсіндіріліп, ардагерлер мен ақсақалдардың сауалдарына жауап берілді. Сондай-ақ, қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, тиісті түсіндірмелер берілді.
Жиынның негізгі мақсаты – аудан тұрғындарын әлеуметтік көмек көрсету саласындағы өзгерістерден хабардар ету, мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету.
Жаңаарқа аудандық аурухана директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары А.А.Казакбаева және пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің басшысы М.А.Алшынбаеваның қатысуымен әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік көмек бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы №112 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесіне сәйкес, әлеуметтік мәні бар 11 аурудың түрімен ауыратын азаматтарға олардың табыс деңгейіне қарамастан, күнтізбелік жыл ішінде бір рет 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде ақшалай әлеуметтік көмек көрсетілетіні туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, азаматтарға әлеуметтік көмекті алу тәртібі, қажетті құжаттар және өтініш беру жолдары түсіндірілді. Медицина қызметкерлеріне аталған әлеуметтік қолдау шаралары туралы пациенттерді және олардың заңды өкілдерін уақытылы хабардар ету қажеттігі айтылды.
ЖОБА
Жаңаарқа ауданының мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі №42/237 «Жаңаарқа ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының «Жаңаарқа ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2026 жылғы 29 сәуірдегі №42/237 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
2-тараудың 6-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы №112 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар аурулар тізбесіне сәйкес, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын адамдарға, табыс деңгейіне қарамастан, күнтізбелік жыл ішінде бір рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай төлем беріледі.
2.Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
|
Лауазымы |
|
ТАӘ |