GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Бөлім туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
10 января 2022
Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін, 10 қаңтар – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғалар нәтижесінде көптеген адамдар қаза болуына байланысты 2022 жылғы 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Бүгін Қазақстанда елімізде орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көз жұмған бейбіт тұрғындарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді еске ала отырып, барлық мемлекеттік тулар төмен түсіріледі.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
15 ноября 2021
Ерекше қажеттілігі бар азаматтар арбаға, протезге және гигиеналық құралдарға онлайн тапсырыс бере алады.

Egov.kz порталында өтініш беру үшін:
1. қызметті таңдайсыз;
2. оңалтуға арналған техникалық құралдарын және қызмет берушіні көрсетесіз;
3. ЭЦҚ немесе бір реттік құпия сөз арқылы қол қою қажет.

Тапсырыс толық орындалғанға дейін өтініштің жауабын порталда бақылауға болады. Тіпті курьер арқылы үйге жеткізу сервисі де бар.

Айта кетейік, бұған дейін клиенттер әлеуметтік көмек алу үшін жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өзі барып қызмет алатын.

Қазір ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған 20-дан астам мемлекеттік қызмет онлайн режимінде қолжетімді.

10 ноября 2021
Онлайн сауалнама

Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр. Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.

https://m.egov.kz/survey 

09 ноября 2021
Конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облыстық кәсіпкерлік басқармасының ұйымдастыруымен өтетін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ұйымдастырылатын өтеусіз негіздегі грант бойынша

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ.

Электрондық пошта мекенжайы: mb2@krg.gov.kz.

Байланыс телефоны: 8/7212/50-38-73

Конкурстың нысанасы: «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының 2-қосымшасына сәйкес экономиканың басым секторларындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өтеусіз негізде ұсыну.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы «Qoldau.KZ».

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

Өтінімді дайындау, құжаттарды жинау және ұсыну мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу орындары:

Ұлытау ауданының кәсіпкерлері үшін: «Ұлытау ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 101500, Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылы, Абай көшесі 22, электрондық пошта мекенжайы: ulytau_opp@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (71035) 21462;

 «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасы және олардың Қарағанды облысының қалалары мен аудандарындағы филиалдары.

Өтінімдерді ұсыну мерзімі: 2021ж. "12" қарашадан бастап 2021ж. "19" қарашаға дейін.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің ресми сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-kasipkerlik?lang=ru.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы