2026 жылғы 21 қыркүйекте сағат 16:00-де Қарағанды облысы әкімдігінің ғимаратында, конференц-залда (Әлиханов көшесі, 13, 5-қабат) Қарағанды облысы әкімінің жанындағы «Заң және Тәртіп» конституциялық қағидасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтеді.
Жиын облыс әкімі Е.К. Бөлекпаевтың төрағалығымен өтеді.
Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
Баяндамашы: Қарағанды облысының Полиция департаменті.
Қосымша баяндамашылар: Қарағанды облысының Ішкі саясат басқармасы, қалалар мен аудандардың әкімдері.
Мал ұрлығымен күрес.
Баяндамашылар: Қарағанды облысының Полиция департаменті, Қарағанды облысының Ветеринария басқармасы.
Қосымша баяндамашылар: қалалар мен аудандардың әкімдері.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл.
Баяндамашылар: Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
Көші-қон жағдайы туралы.
Баяндамашы: Қарағанды облысының Полиция департаменті.
Қосымша баяндамашы: Қарағанды облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.
Маңызды:
Аумақтық мемлекеттік органдар мен құрылымдық бөлімшелердің бірінші басшыларына қоса берілген тізімге сәйкес жеке қатысу қажет.
Қалалар мен аудандардың әкімдеріне бейнебайланыс (ВКС) арқылы қатысу тапсырылады.
Баяндамашыларға көрсетілген мәселелер бойынша ақпаратты 2026 жылғы 18 қыркүйектен кешіктірмей ұсыну қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін Қарағанды облысы әкімінің аппаратына хабарласуыңызды сұраймыз.
«Заң және тәртіп» идеологемасын жүйелі түрде іске асыру асында «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ №4 әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің (№4 ӘККБ) ұжымымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесудің басты күн тәртібі заңдылықты қатаң сақтау, лауазымдық міндеттерді тиісті деңгейде орындау және әлеуметтік қызметкерлердің қызмет алушылар алдындағы жауапкершілік деңгейін арттыру мәселелері болды.
Жұмыстың негізі — заңдылық пен ашықтық Мемлекеттік қызметтің барлық салаларында белсенді түрде енгізіліп жатқан «Заң және тәртіп» идеологемасы әділ қоғам құрудың іргелі бағдары болып табылады. Әлеуметтік қорғау саласы үшін бұл қағидаттың маңызы зор, өйткені әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі қызметкерлерінің жұмысы халықтың ең осал санаттарының: қарттардың, мүгедектігі бар адамдардың және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылардың мүдделерін тікелей қамтиды.
Кездесу барысында әрбір әлеуметтік қызметкердің заң талаптарын қатаң сақтауға, тек қағидалар мен регламенттер аясында әрекет етуге, сондай-ақ жоғары азаматтық және кәсіби жауапкершілік танытуға міндетті екендігі ерекше атап өтілді.
«Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларында:
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жеке көмекші қызметін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде портал арқылы жүзеге асырады. Жеке көмекшінің өтеулі қызметтерін көрсетудің үлгілік шарты осы Қағидаларға 3-1-қосымшамен көзделеді.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Өтініш беруші порталда жеке көмекші қызметіне тапсырысты ресімдейді және оны өнім берушіге жібереді.»;
37-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өнім беруші тапсырысты қабылдау туралы хабарландырумен бір мезетте өтініш берушіге және жұмыспен қамту қалалық басқармасына немесе бөліміне жеке көмекшінің өтеулі қызметтерін көрсетудің үлгілік шартын қол қоюға жібереді.»;
мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:
«37-1. Жеке көмекшінің өтеулі қызметтерін көрсету шарты қол қоюға түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны өтініш беруші мен жұмыспен қамту қалалық басқармасы немесе бөлімі қарайды және қол қояды.»;
38-тармақта:
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Есепке алу тек қызметтің көрсетілу фактісі мен көлемін тіркеу үшін жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке көмекшінің қызметін алатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды қайтадан куәландыру (қайта куәландыру) кезінде өнім беруші қайтадан куәландыру (қайта куәландыру) – АОЖБ-ны жабу күніне дейін көрсетілген қызметтерді есепке алу журналына жазуды жүзеге асырады.»
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. АОЖБ-да көзделген қызметтер көлемі қызмет көрсетудің міндетті күнделікті көлемін белгілемейді. Қызмет көрсету қажеттілік туындауына қарай жүзеге асырылады.
Жеке көмекшінің бір қызметі үшін ақы мөлшерін есептеу бір алып жүру қызметі бойынша қызмет көрсету уақыты 4 сағаттан және айына барлығы 60 (алпыс) алып жүру қызметінен аспайтын бір қызмет үшін тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 54,56 пайызының есебі негізге алына отырып жүргізіледі. Төлем іс жүзінде көрсетілетін қызметтер үшін жүргізіледі.
Жергілікті атқарушы органдар көрсетілетін қызметтер санын:
2) мәдени-бұқаралық және өзге іс-шаралар объектілеріне бару үшін жергілікті бюджет мүмкіндіктеріне қарай ұлғайта алады.»;
42-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Жеке көмекші қызметтері үшін кепілдендірілген соманы өтеу Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік көрсетілген қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32720 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.»;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Жеке көмекші қызметтері үшін төлем өнім беруші Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен бекітілген «Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес жеке көмекшімен алып жүру парағын берумен, қалалық басқармалар немесе жұмыспен қамту бөлімдеріне ұсынған (бұдан әрі – төлемге арналған құжаттар) күннен кейін 10 (он) күн ішінде жүзеге асырылады.
Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілері есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
Өнім беруші бірінші топтағы мүгедектігі бар адам қайтыс болған кезде төлем құжаттарын қайтыс болған күннен бастап бір ай ішінде бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның қолын қоймай ұсынады.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің веб-сайтында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне оның орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
|
А. Ертаев |
«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде және оған қарасты ұйымдарда 2026 жылғы 09 шілде мен 07 тамыз аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлаймыз.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аясында туындаған мәселелер мен нақты деректер бойынша сұрақтарыңыз болса, «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не хабарласа аласыз.
Байланыс телефондары: 8 (7213) 411608.
Прокуратураның тексеру қорытындысы бойынша жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін жеке көмекшілердің негізгі жұмыс орны бойынша күнделікті жиынтық жұмыспен қамтылу ұзақтығын негізсіз арттыру фактісі анықталды.
Жүргізілген талдау барысында жеке көмекшілердің негізгі жұмыс орны бойынша еңбек қызметін жүзеге асыра отырып, көрсетілген қызметтер актілерін күніне 8 сағат көлемінде рәсімдеу фактілері анықталды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің 68-бабына сәйкес, негізгі жұмыс орны және қоса атқаратын жұмыс бойынша жұмыстың жалпы ұзақтығы Кодекстің 71-бабының 4-тармағында белгіленген күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан, яғни 4 сағаттан артық аспауға тиіс.
Тексеріс қорытындысы бойынша жұмыс істейтін жеке көмекшілер жұмыс уақыты ұзақтығының нормасын асырып жіберген, бұл бюджет қаражатының негізсіз төленуіне әкеп соқтырған.
Бюджет қаражатын нысаналы пайдалану мақсатында, жұмыс істейтін жеке көмекшілер көрсетілген қызметтер актілерін нақты атқарылған уақыты үшін тапсыруы қажет. Бұл көрсетілген қызметтер актілерін ресми жабуды болдырмауға және бюджетке артық төленген ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Теміртау қалалық мәслихатының: Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 шілдедегі № 17/4 «Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімінің жобасын әзірледі.
Жоба Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 желтоқсанда № 33763 болып тіркелді.
Шешім жобасымен «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде танысуға болады.
2026 жылдың 02 маусымында Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Рауан Азамұлы Таранның төрағалығымен Теміртау қаласының әкімдігі жанынан қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік кеңесші органның жиналысы өтті. Күн тәртібінде бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан және пробациялық бақылаудағы азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмек, олардың қайта құқық бұзушылықтарына жол бермеу үшін профилактикалық шаралар жайында мәселелер қарастырылды.