Меню

Страницы

Статья

Ақталған тұлғаға куәлік беру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидалары» (2015 жылғы 2 сәуірдегі № 184) сәйкес, «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ арқылы ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру жүзеге асырылады.

Саяси себептер бойынша елден аласталған, тұрған жерлерiнен немесе мекендi аудандарынан аулақтатылған (айдауға немесе жер аударуға жiберiлген), арнайы қоныс аударылған, бостандығын шектеп еңбекке ықтиярсыз тартылған, сондай-ақ әкiмшiлiк тәртiппен құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе шектеулерге ұшыраған, әкiмшiлiк тәртiпте немесе сот емес органдар шешiмдерi бойынша психиатриялық мекемелерде емдеуге күштеп жатқызылған адамдардың бәрi ақталған адамдар деп есептеледі.

Сол себепті, өтінішпен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚКО) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін келесі құжаттардың қосымшасымен жүгіну қажет:

    1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

      2) ақтау туралы анықтама не сот ұйғарымының (қаулысының) көшірмесі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Мемлекеттік корпорация өтініш тіркелген күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде өтініш иесіне куәлік береді.

Дата публикации
10 марта 2021
Дата обновления
10 марта 2021
Тип

Сейчас читают

22 сентября 2025
«Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» мемқызметін алу бойынша жадынама
07 августа 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер
Ақпарат
07 августа 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы