Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдар тізбесі ішкі талдау қорытындысы бойынша

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдар тізбесі
ішкі талдау қорытындысы бойынша

«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және оған қарасты ұйымдар

№

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1

ММ басшысы

Азаматтар мен заңды тұлғалардың әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша өтініштері мен шағымдарын қарайды, ұйымдастырушылық-шаруашылық функцияларды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдайды.

Барлық бағыттар бойынша шешімді лауазымды адам айқындайды

   

Қызметкерлерді жұмысқа орналастыру, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару.

Жұмысқа орналасу үшін заңда көзделмеген артықшылықтар (протекционизм, отбасылық) беру

2

Басшының орынбасары

Мекемеге жалпы шұғыл басшылық жасайды, мамандар мен мекеменің басқа да қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады және бақылауды қамтамасыз етеді

Жұмысқа орналасу үшін заңда көзделмеген артықшылықтар (протекционизм, отбасылық) беру

   

Бекітілген стандарт талаптарына сәйкес мекемемен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына жалпы бақылауды жүзеге асырады, ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтердің орындалуына бақылауды ұйымдастырады.

Мемлекеттік немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша есептік құжаттарда мәліметтерді жасыру, бұрмалау немесе әдейі жалған ақпарат беру

3

Жоспарлау және қаржыландыру секторының меңгерушісі

Материалдық құндылықтарды, мүлікті қабылдайды, олардың есебін жүргізіп, сақталуын қамтамасыз етеді

Материалдық құралдар мен шығыс материалдарын тіркеу есебінен мерзімінен бұрын есептен шығару.

   

Бюджеттік жоспарлау

Бөлінетін қаражат көлемін ұлғайтуға әсер ететін мәліметтерді бюджеттік өтінімге енгізу мүмкіндігі

   

Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының шығысын бақылау

Сыйақылар мен ынталандыру төлемдерін негізсіз есептеу

4

Ардагерлермен, мүгедектермен және аз қамтылған азаматтармен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісі

Мемлекеттік қызметтер және олардың белгілері бар қызметтерді көрсету (өтініштерді қарау арқылы «жасырын» қызметтер көрсету)

Ресми негіздер бойынша өтінішті қабылдамау, көзделмеген құжаттарды талап ету, қарау мерзімдерін "кешіктіру", нәтижені беруден заңсыз бас тарту мүмкіндігі

5

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу секторының меңгерушісі

Мемлекеттік қызметтер және олардың белгілері бар қызметтерді көрсету (өтініштерді қарау арқылы «жасырын» қызметтер көрсету)

Ресми негіздер бойынша өтінішті қабылдамау, көзделмеген құжаттарды талап ету, қарау мерзімдерін "кешіктіру", нәтижені беруден заңсыз бас тарту мүмкіндігі

6

Жұмыспен қамту секторының меңгерушісі

Комиссиялық органдардың қызметін дайындау және ұйымдастыру

Комиссия шешімдеріне әсер ететін ақпаратты жасыру немесе бұрмалау мүмкіндігі

7

Құқықтық мәселелер және ақпараттық саясат секторының меңгерушісі

Талап-арыз жұмыс, барлық сатыдағы соттарда мемлекеттік органның мүдделерін білдіру

Жеткізушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және айыппұл өндіру туралы талап арызды сотқа уақытылы бермеу. Мемлекет мүддесіне қарсы талаптарды өзгерту немесе олардан бас тарту

8

Қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы

- Даму стратегиясын, бюджеттік өтінімдерді, міндетті төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын әзірлеу, экономика және қаржы бөліміне, статистика және салық органдарына есептер дайындау. - Еңбекақы қорының жұмсалуын бақылау, жалақы туралы анықтамалар беру. - Бухгалтерлік есеп шоттарында барлық шаруашылық операциялардың дұрыс көрсетілуін және шығындар сметасының орындалуын бақылау.

Орындалған жұмыстар үшін төлем жасау кезінде мердігер ұйымдармен сыбайлас байланысқа түсу, сондай-ақ жеке пайда табу мақсатында жалақы қаражаты есебінен заңсыз ақша аудару

9

Коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы

- АӘК және басқа әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі комиссияға басшылық ету, қоғамдық жұмыстарды бақылау. - Мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізілетін жөндеу жұмыстарын қабылдау және бақылау. - Бюджетті жоспарлау мен орындауға қатысу, жөндеу жұмыстары бойынша есептер мен көлемдерді ұсыну.

Жөндеу жұмыстарын орындау кезінде мердігер ұйымдармен сыбайлас байланысқа түсу мүмкіндігі

10

Коммуналдық-құрылыс бөлімінің бас маманы

- Мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізілетін жөндеу жұмыстарын қабылдау және бақылау. - АӘК және басқа әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі комиссия жұмысына қатысу, қоғамдық жұмыстарды бақылау. - Бюджетті жоспарлау мен орындауға қатысу, жөндеу жұмыстары бойынша есептер мен көлемдерді ұсыну.

Жөндеу жұмыстарын орындау кезінде мердігер ұйымдармен сыбайлас байланысқа түсу мүмкіндігі

 

 

Дата публикации
03 апреля 2026