«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру және оңалту шеңберінде жұмысты ұйымдастыру бойынша қызметтерді іске асырады.
Қызметтерді көрсету жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы үкіметтік емес ұйымдармен жүзеге асырылады. Қаржыландыру көлемі:
Қызмет көрсетушілер:
Сандық қамту: 50 адам.
Қарағанды облысы Теміртау қаласының аумағында тұратын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру және оңалту шеңберінде жұмысты ұйымдастыру.
Жобаның міндеттері:
2.1. медициналық көмекті; білім алуды; кәсіпті игеруді (кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру); жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді; психологиялық сүймелдеуді; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдектерді, өзге де әлеуметтік төлемдерді алу мәселелері бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді;
2.2. әлеуметтік-психологиялық және психологиялық консультация (әлеуметтік байланыстарды қолдау жүйесін қалпына келтіруге және қалыптастыруға жәрдемдесуді; әлеуметтік патронаж; отбасылық және өзге де әлеуметтік-оң байланыстарын қалпына келтіруді көмек);
2.3. әлеуметтік-құқықтық және өзге де мәселелер бойынша консультациялар ұсынуды қамтиды.
Жоба шеңберінде жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған жастарға арналған консультациялық қызметтер кешені және оның алгоритмі мекемелер мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді, жергілікті атқарушы биліктің қалыптасқан тетіктерін пайдалануды қамтамасыз ету үшін кешенді сипатта болады.
Қызмет көрсетуге көрсеткіштер:
1.Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы және пробация қызметінде есепте тұруы.
2.Теміртау қаласының аумағында тұруы.