2026 жылы Теміртау қаласында мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметін көрсету туралы ақпарат
Инватакси қызметтері ҚР Көлік және коммуникация министрінің № 859 бұйрығына сәйкес бағдарлама бойынша көрсетіледі.
Мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметін көрсету үшін медициналық ұйымның мүгедектік белгіленген мерзімге берген қорытындысы негіз болып табылады.
Инватакси қызметтері жұмыс немесе оқу кестесіне сәйкес жұмыс істейтін және оқитын мүгедектерге бірінші кезектегі тәртіппен ұсынылады. Басқа мүгедектерге инватакси қызметтері олардың жүгіну тәртібімен ұсынылады.
Инватакси қызметтері тәулік бойы көрсетіледі.
Инватакси қызметтерін алу үшін өтінім жоспарланған сапар күніне дейін бір күн бұрын инватакси қызметін көрсететін ұйымға телефон арқылы беріледі.
Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға инватакси қызметін көрсетуге арналған көрсетілімдер мыналар болып табылады:
1) «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32994 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер;
2) «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, олардыауыстыру мерзімдерін қосаалғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32993 болып тіркелген) 2-қосымшаның 5-тармағына сәйкес протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнаулы жүріп-тұру құралдарын беруге медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер;
3) қозғалысында қиындық көретін 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
4) аяқтарында ампутация тұқылдары бар 2 топ мүгедектігі бар адамдар;
5) жүріс арба көмегімен жүретін 2 топ мүгедектігі бар адамдар;
6) екінші және үшінші дәрежелі өзіне-өзі қызмет көрсету және өзінің мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген ауыр және айқын психикалық бұзылулар.
7) күрделі және асқынбаған ортопедиялық аяқ киім ұсынылған балалар;
8) психоневрологиялық аурулары бар немесе аутистік спектрдің бұзылуы бар 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
9) аяқтарында ампутация тұқылдары бар үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.
Теміртау қаласында және Ақтау кентінде тұратын мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметін көрсетуге арналған объектілер мен межелі орындардың тізбесі: