Үйде оқу шығындарын өтеуге кім құқылы?

Үйде оқытылатын мүгедек балалардың ата-аналары/заңды өкілдері

Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтама негізінде жүргізеді.

Дата публикации
13 марта 2026