Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы отбасының орташа табысы облыста белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) тағайындалады.

Атаулы әлеуметтік көмек Кодекстің 120-бабының 4-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам (отбасы) атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына, ал тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне (бұдан әрі – әкім) жүгінеді.

Дата публикации
13 марта 2026