Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылғы есеп

2024 жылғы 31.12. деректерімен

статистикалық есептілікке

қосымша

 

«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша есепке

талдамалық анықтама

 

         «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

  1. Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электронды/қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» Веб-порталы арқылы жүзеге асырылады;
  2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Халықты жұмыспен қамту орталығы»  КММ арқылы, тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталығы болмаған жағдайда кент, а/о әкімі арқылы жүзеге асырылады;
  3. Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электронды/қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші, кент, а/о әкімі, «электрондық үкімет» Веб-порталы арқылы жүзеге асырылады;
  4. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электронды/қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация, көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады;
  5. Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз/проактивті/ электронды (ішінара автоматтандырылған). Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысына смс-хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі «жеке кабинетке» жіберіледі.
  6. Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (өтеуші) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз/проактивті. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысына смс-хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі «жеке кабинетке» жіберіледі.
  7. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз/проактивті/ электронды (ішінара автоматтандырылған). Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысына смс-хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі «жеке кабинетке» жіберіледі.
  8. Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз/проактивті/ электронды (ішінара автоматтандырылған). Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысына смс-хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі «жеке кабинетке» жіберіледі.
  9. Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз/проактивті/ электронды (ішінара автоматтандырылған). Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысына смс-хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі «жеке кабинетке» жіберіледі.
  10. Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз/проактивті. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысына смс-хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі «жеке кабинетке» жіберіледі.
  11. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электронды/қағаз (ішінара автоматтандырылған) түрінде. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация, көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады;
  12. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электронды/қағаз (ішінара автоматтандырылған) түрінде. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация, көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады;
  13. Тұрғын үй көмегін тағайындау. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» Веб-порталы арқылы жүзеге асырылады;
  14. Ақталған адамға куәлік беру. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады;
  15. Тұрғын үй сертификаттарын беру. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады.Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады;
  16. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы жүзеге асырылады. НҚА - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидасы.

 

         2024 жылдың 12 айында 8387 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

         -көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда көрсеткен - 0 мемлекеттік қызмет;

         -көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда көрсеткен, бірақ «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін-287 мемлекеттік қызмет;

         - Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы-1891;

         - «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілген -4651 мемлекеттік қызмет;

         -көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз электрондық түрде көрсетілген - 1273 мемлекеттік қызмет;

         -көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген - 285 мемлекеттік қызмет.

         Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары ақпараттық стендтерде және «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ресми сайтында орналастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 января 2026