Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылғы есеп

31.12.2023 ж. статистикалық

есептік  деректерге қосымша

 

 «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және «Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы» КММ көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есепкеталдамалық анықтама 

«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

  1. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық/қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті беруші – аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады;
  2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ арқылы, тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталығы болмаған жағдайда, а/о, кент әкімі арқылы жүзеге асырылады;
  3. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық/қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру, Көрсетілетін қызметті берушінің, ауыл, кент әкімінің, «электрондық үкімет» Веб-порталы арқылы жүзеге асырылады;
  4. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктерін беру. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық/қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру, Мемлекеттік корпорация және көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады;
  5. Мүгедектерді протездік - ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз жүзінде/проактивті/электрондық (ішінара автоматтандырылған). Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы - өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысына смс-хабарламалар  жіберу арқылы жүзеге асырылады. Веб-портал арқылы жүгінген кезде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі "жеке кабинетке" жолданады.    
  6.            Мүгедектерді техникалық көмекші (өтеуші) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде/проактивті. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы - өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысына смс-хабарламалар  жіберу арқылы жүзеге асырылады. Веб-портал арқылы жүгінген кезде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі "жеке кабинетке" жолданады.    
  7. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметін ұсыну үшін, мүгедектерге құжаттарды ресімдеу. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз жүзінде/проактивті/электрондық (ішінара автоматтандырылған). Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы - өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысына смс-хабарламалар  жіберу арқылы жүзеге асырылады. Веб-портал арқылы жүгінген кезде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі "жеке кабинетке" жолданады.    
  8.   Мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз жүзінде/проактивті/электрондық (ішінара автоматтандырылған). Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы - өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысына смс-хабарламалар  жіберу арқылы жүзеге асырылады. Веб-портал арқылы жүгінген кезде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі "жеке кабинетке" жолданады.    
  9.   Мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз жүзінде/проактивті/электрондық (ішінара автоматтандырылған). Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы - өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысына смс-хабарламалар  жіберу арқылы жүзеге асырылады. Веб-портал арқылы жүгінген кезде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі "жеке кабинетке" жолданады.    
  10. Есту қабілеті бұзылған мүгедек адамдарға ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу – жылына алпыс сағат. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз жүзінде/проактивті (ішінара автоматтандырылған). Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы - өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысына смс-хабарламалар жіберу арқылы жүзеге асырылады. Веб-портал арқылы жүгінген кезде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі "жеке кабинетке" жолданады.
  11. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – қағаз түрінде/ электрондық (ішінара автоматтандырылған).  Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру қызметті берушінің Мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады;
  12. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – қағаз түрінде/ электрондық (ішінара автоматтандырылған).  Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру қызметті берушінің Мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады;
  13. Тұрғын үй көмегін тағайындау. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – қағаз түрінде/ электрондық (ішінара автоматтандырылған).  Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру қызметті берушінің Мемлекеттік корпорациясы, Веб портал арқылы жүзеге асырылады;
  14. Ақталған адамға куәлік беру. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады;
  15. Тұрғын үй сертификаттарын беру. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

          Теміртау қаласы әкімдігінің "Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы" КММ арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер.

           1.Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары): 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, 2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі 3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы, www.egov.kz және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы Бұл қызмет жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымшаның негізінде көрсетіледі

                   2.Жұмыссыздарды тіркеу. Мемлекеттік қызмет стандарты жоқ (функция ретінде көрсетіледі).

    3.Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беру. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық. Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары): "электрондық үкімет" веб-порталы.

           4.Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру. Мемлекеттік қызмет стандарты жоқ (функция ретінде көрсетіледі).

           Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат, мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері мен стандарттары ақпараттық стендтерде және Теміртау қаласы әкімдігінің "Теміртау қаласының халқын жұмыспен қамту орталығы" КММ ресми сайтында орналастырылған

           1 қаңтар мен 31.12.2023 жыл аралығындағы кезеңде барлығы 22 454 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

             көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда көрсеткен - 1 мемлекеттік қызмет;

          - көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда көрсеткен бірақ "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін 152 мемлекеттік қызмет;

            Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы - 3 876 ;

           "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілген - 9 718 мемлекеттік қызмет;

           "Е-Лицензиялау" МДҚ арқылы электрондық түрде көрсетілген 2531 мемлекеттік қызмет;

           - көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз электрондық түрде көрсетілген - 1839 мемлекеттік қызмет;

         - көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген - 4 337 мемлекеттік қызмет.

         Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары ақпараттық стендтерде және "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ ресми сайтында орналастырылған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын.С.Мальнева

тел.:91-58-18

Дата публикации
06 августа 2024