«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын практикалық іске асыру» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

2024 жылғы 4 сәуірде  «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де  «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын практикалық іске асыру» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

         Семинар-кеңес барысында Бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістері туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді.

         Семинарға қатысушылар кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялауға,  белгісіз  тұлғалардың жеке шотына ақша қаражатын аудару  жағдайына,  сондай-ақ  қарамағындағылардың  сыбайлас  жемқорлық құқық  бұзушылықтар  жасағаны үшін басшылардың дербес жауапкершілігіне қатысты мәселелерді талқылады.

         Семинар қорытындысы бойынша мынадай ұсыныстар берілді:
         - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормалары мен қағидаттарын тұрақты негізде сақтау;

         - заңда тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу, сондай-ақ, семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнеролик көрді.

Дата публикации
24 апреля 2024