Теміртау қаласы әкімдігінің
2022 жылғы «___»___________
№ ______қаулысымен бекітілген
Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының әлеуметтік көмек көрсету бойынша дағдарыс орталығы» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің Жарғысы
- Жалпы ережелер
- «Теміртау қаласының әлеуметтік көмек дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Дағдарыс орталығы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы»бұйрығымен бекітілген уақытша болу жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 1079 «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 қаңтарда № 14701 болып тіркелді.
- Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
- Коммуналдық мемлекеттік мекемеге қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган - Теміртау қаласының әкімдігі (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады.
4."Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) коммуналдық мемлекеттік мекемеге қатысты қызметті үйлестіру функцияларын жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы болып табылады.
- Мемлекеттік тілдегі коммуналдық мемлекеттік мекеменің атауы:
Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының әлеуметтік көмек көрсету бойынша дағдарыс орталығы»;
орыс тілінде: «Кризисный центр по оказанию социальной помощи города Темиртау» акимата города Темиртау.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің
мәні мен мақсаттары
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні өмірлік қиын жағдайға тап болған, оның ішінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікке ұшыраған адамдар және қатыгездік пен зорлық-зомбылық қаупі салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету болып табылады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты – тұрмыстық зорлық - зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына (бұдан әрі-Стандарт) сәйкес уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.
- Мақсатқа жету үшін коммуналдық мемлекеттік мекеме келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) шұғыл әлеуметтік қорғау мен көмекке өте мұқтаж адамдарды мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып анықтау;
2) көрсетілетін қызметтерді алушыларды қабылдау және (немесе) орналастыру, оларды әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шараларды өткізу;
3) көрсетілетін қызметтерді алушылардың жеке басына тиiспеушiлiгі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) уақытша болу және тұру ұйымдарында қолайлы моральдық-психологиялық климат қалыптастыру;
5) осы стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
6) көрсетілетін қызметтерді алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемдері мен түрлері, уақытша болу және тұру ұйымдарының ішкі тәртіп қағидалары туралы хабардар ету;
7) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру;
8) уақытша болу және тұру ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
9) көрсетілетін қызметтерді алушыларды әлеуметтік оңалту, олардың азаматтық, мүліктік және өзгеде құқықтарын қайта қалпына келтіру мәселелерін шешу үшін жергілікті атқарушы органдар мен, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі істер, әділет органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
10) уақытша болу және тұру ұйымының құрылтай құжаттарына сәйкес функциялар уақытша болу және тұру ұйымдарының негізгі функциялары болып табылады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару
- Коммуналдық мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
- Жергілікті атқарушы орган заңнамада белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
2) коммуналдық мемлекеттік мекеме орталығы мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) коммуналдық мемлекеттік мекеме жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
4) уәкілетті органмен келісім бойынша коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
5) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
- Уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
2) коммуналдық мемлекеттік мекеме директорының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
3) коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
4) коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
5) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
6) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті атқарушы органмен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті атқарушы органға тікелей бағынады және оған жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
- Коммуналдық мемелекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың озге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) жергілікті атқарушы орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа, коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және озге де қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және жергілікті атқарушы органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
- Коммуналдық мемелекеттік мекеме мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржык өздере себінен құрылады.
- Коммуналдық мемелекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.
- Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен коммуналдық мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті саланың уәкілетті органы, егер қосымша қаржыландыру көзі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, жергілікті атқарушы орган бюджеттен қаржыландырады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
- Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу тәртібі
- Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады, жәңе "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.
- Қайта ұйымдастыру және
тарату шарттары
- Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.
- Мемлекеттік занды тұлга, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
- Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік мекемені мүлкін жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.
- Таратылған коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
- Филиалдары мен өкілдіктері
туралы мәліметтер
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
«Теміртау қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
білімі» ММ басшысы Р.Адыханова