Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының әлеуметтік көмек көрсету бойынша дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 38-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 26) тармақшасын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17, 122, 125-баптарын,  Қазақстан  Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 1202 «Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік  мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын  бекіту туралы» бұйрығын  басшылыққа ала  отырып  Қазақстан Республикасының  Әділет  министрлігінде  2017  жылғы 29  қыркүйекте            № 15813 болып тіркелді, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Теміртау қаласының әлеуметтік көмек көрсету бойынша дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
  2. «Теміртау қаласының әлеуметтік көмек көрсету бойынша дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Қала әкімі                                                                                            О.Таурбеков

Дата публикации
22 ноября 2022