Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша
әдістемелік ұсынымдар
1. Жалпы ережелер
1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі
әдістемелік ұсынымдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою
кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор
субъектілерінің сапаны, толықтықты және бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге
бағытталған қосалқы құрал болып табылады.
2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын;
2) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды;
3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік
қағидаларын (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар);
4) өзге де құқықтық актілерді басшылыққа алу қажет.
3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды бір жылда бір реттен
сиретпей жүргізу ұсынылады.
Сыбайлас жемқорлықтың жүйелі көріністері орын алған жағдайда
мемлекеттік орган, ұйым, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшысының
шешімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Әдістемелік
ұсынымдардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен бұрын
жүргізілуі мүмкін.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган талдау
объектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау
жүргізген жағдайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды ол
аяқталған күннен бастап бір жыл өткен соң жүргізу ұсынылады.

Дата публикации
17 сентября 2026