- Мемлекеттік әзірлеуші органныңатауы.
«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
- Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкiмшiлiгi, Үкiмет және Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтемемен нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдауқажеттiлiгiнiң басқа да негiздемелері.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 99 «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 наурызда № 38163 тіркелді.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 желтоқсанда № 33763 болып тіркелді.
- Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі түсіндірме жазбаға міндетті түрде қоса беріледі).
Барлық қаржылық шығындар ҚР Бюджет кодексінің нормаларына сәйкес 2026 жылға арналған қалалық бюджетте көзделген
- Нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайды болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар, сондай-ақ нормативтік құқықтық акт жобасы ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері.
5.Нақты мақсаттар менкүтілетін нәтижелердің мерзімдері.
Тұрғын үй көмегі түрінде әлеуметтік көмек көрсету, мерзім-жүгіну шамасына қарай тұрақты.
- Нормативтік құқықтық актінің жобасында қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.
Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 шілдедегі № 17/4 «Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешімі.
- Енгізілетін нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіктің болмауы;
Қажет емес
- Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат(күні, байт көлемі).
Қаулы жобасы egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылған.
- Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған туралы ақпарат.
Қаулы жобасымекеменің интернет-ресурсындаорналастырылған.
- Нормативтік құқықтық акт жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.
Нормативтік құқықтық жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қайшы келмейді.
- Нормативтік құқықтық актінің жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптардың нәтижелері.
Бұл Нормативтік құқықтық жоба кәсіпкерлік субъектілерінің қосымша шығындарын көздемейді.
«Теміртау қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
ММ басшысы Е.Достаева