Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 шілдедегі № 17/4 «Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 шілдедегі

№ 17/4 «Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде тұрғын үй көмегін

көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

 

Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 шілдедегі № 17/4 «Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6627-09 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1.Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

  ағымдағы және жинақтаушы жарналар;

         коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

         мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

         Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

 

 

1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«8. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «цифрлық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

         Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «цифрлық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 июня 2026