Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 13/4 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 13/4 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6559-09 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

4,5,7,8,9- тармақтары жаңа редакцияда мазмұндалсын:

          «4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.

          Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді және күнтізбелік бір жылда бір рет тағайындалады.

           Бірнеше негіз болған жағдайда мереке күндеріне және атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.»;

          «5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндерінің және мереке күндерінің тізбесі:

          1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан;

          2) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз;

          3) Отан қорғаушы күні - 7 мамыр;

          4) Жеңіс күні - 9 мамыр;

          5) Қарттар күні - 1 қазан;

          6) Республика күні - 25 қазан;

          7) Тәуелсіздік күні - 16 желтоқсан.»;

Дата публикации
21 апреля 2026