
2021 жылы 007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 21922 адамға жалпы сомасы 462918,00 мың теңге біржолғы төлемдер жүргізілді, 2022 жылдың жоспары – 9549 адам- 440460,00 мың теңге, оның ішінде:
- Наурыз мейрамына біржолғы материалдық көмек - 6736 адам жалпы сомасы 202080,00 мың теңге;
- Жеңіс күніне біржолғы материалдық көмек - 1644 адам жалпы сомасы 108160,00 мың.теңге;
- Конституция күніне біржолғы материалдық көмек - 6536 адам жалпы сомасы 117648,00 мың.теңге;
- Тұңғыш Президент күніне біржолғы материалдық көмек - 7006 адам жалпы сомасы 35030,00 мың.теңге;
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оларды оңалту және қоғамға бірігу мәселелеріне көп көңіл бөлінді.
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қалада 6536 мүгедектер, оның ішінде 522 мүгедек балалар тұрды.
Инватакси қызметі 205 адамға жалпы сомасы 7710,2 мың.теңгеге орындалды, 2022 жылдың жоспары - 24716,00 мың.теңге.
Мүгедектерді әлеуметтік мемлекеттік көмекпен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен 353846,7 мың.теңге сомасында ақша қаражаты игерілді, 2022 жылдың жоспары - 182434,0 мың.теңге, атап айтқанда:
- жеке көмекшілердің қызметі - 387 адамды қамти отырып 297243,6 мың.теңге, 2022 жылдың жоспары - 300 адам - 131609,0 мың.теңге;
- ымдау тілі маманының қызметі - 53 адамды қамти отырып 9664,8 мың.теңге, 2022 жылдың жоспары - 50 адам - 9563,0 мың.теңге;
- міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету - 592 адамды қамти отырып 46646,8 мың.теңге, 2022 жылдың жоспары - 481 адам - 41262 мың.теңге;
- республикалық бюджеттен қаражаттың жеткіліксіздігінен катерлермен және тифлосағаттармен қамтамасыз ету - 291,5 мың теңге.
Мүгедектерді әлеуметтік мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы республикалық бюджет қаржаты есебінен 152947,0 мың.теңге сомасында ақша қаражаты игерілді, 2022 жылдың жоспары - 167424,5 мың.теңге, атап айтқанда:
- ымдау тілі маманының қызметі - 53 адамды қамти отырып 10136,0 мың.теңге, 2022 жылдың жоспары - 50 адам - 9562,5 мың.теңге;
- міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету - 1574 адамды қамти отырып 71691 мың.теңге, 2022 жылдың жоспары - 53 адам - 104942 мың.теңге;
- протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету - 188 адамды қамти отырып 7472 мың.теңге;
- тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету - 70 адамды қамти отырып 63648 мың.теңге, 2022 жылдың жоспары - 36 адам - 52920,0 мың.теңге;
Мүгедектерді әлеуметтік мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен санаторий-курорттық емделуге, арнаулы жүріп-тұру құралдарына, сурдо және тифлотехникалық оңалту құралдарына, протездік-ортопедиялық құралдарға 118205,0 мың.теңге сомасында ақша қаражаты игерілді, 2022 жылдың жоспары - 270993,0 мың.теңге.