Мемлекеттік қызметтер өтініштерсіз және қужаттар топтамасынсыз - проативті қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қатардағы №26 "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына сәйкес мүгедек адамдардың мынадай мемлекеттік қызметтерге проактивті форматта ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы құжаттарды ресімдеуге қуқығы бар:
Проактивті қызмет көрсету дегеніміз не.
Проактивті жүйе мемлекеттік қызметтер азаматтар тарапынан артық іс-қимылдарсыз автоматты түрде көрсетіледі дегенді білдіреді. Адамға Жұмыспен қамту бөліміне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне жүгінудің, құжаттар жинаудың және көптеген өтініштер тапсырудың қажеті жоқ. Қажет болуы мүмкін Максимум - ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған қызметті көрсетуге келісімді растау.
Оңалтудың жеке бағдарламасы болған кезде "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - "Е-Собес" ААЖ) арқылы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының тіркелген телефон нөміріне өтініш берушіге проактивті форматта ОЖБ бойынша қужаттарды ресімдеуге келісім алу немесе бас тарту үшін көрсетілетін қызметті беруші sms-хабарламаға бастамашылық жасайды,
Өтініш ьеруші смс-хабарлама арқылы тиісті кодпен проативті форматта қызметтер көрсетуге келісімін немесе бас тартуын растайды.
Өтініш берушінің проактивті қызмет көрсетуге келісімін алған кезде осы қызметтерді ұсынуға құжаттардың ресімделгенін растау туралы хабарлама жіберіледі. Проативті қызмет арқылы ОЖБ үшін құжаттарды ресімдеуге келісім алған күн болып саналады.
Сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан жауап болмаған жағдайда, сұрау салу жойылады және көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысына жұмыспен қамту бөліміне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне жүгіну себебі қажеттілгін көрсете отырып, Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін құжаттарды ресімдеудің мүмкін еместігі туралы СМС-хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы проактивті қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысына жұмыспен қамту бөліміне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне жүгіну себебі мен қажеттілігін көрсету үшін құжаттарды ресімдеудің мүмкін еместігі туралы СМС-хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімін алған жағдайда жұмыспен қамту бөлімінің маманы автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы көрсетілетін қызметті алушыны көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысына СМС-хабарлама арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құжаттарды ресімдеу жөнінде қабылданған шешім туралы хабардар етеді.