Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының V шақырылған XXVII сессиясының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 1038/27 «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ шешіміне сәйкес Шахтинск қаласында және іргелес кенттерде Жеке оқу жоспары бойынша мүгедек балаларға арналған үйде оқытуға жұмсалған шығындар оқу жылы кезеңіне екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтеледі (1 қыркүйектен 31 мамырға дейін).
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінген кезде өтініш берушінің өзімен бірге мынадай құжаттары болуы қажет:
- сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;
- баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді немесе азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама;
- некені (ерлі-зайыптылықты) жасасу (бұзу)туралы куәлік;
- балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер;
- тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
- мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан алынған мәліметтер;
- банк шотының нөмірі туралы құжат;
- ДКК анықтамасы (дәрігерлік-консультативтік комиссия);
- мүгедектік туралы анықтама.
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ