Қазақстан Республикасында әлеуметтік-еңбек саласын тұрақты дамыту және жетілдіру жағдайында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі-Қор) төленетін әлеуметтік аударымдар есебінен жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша деңгейі ретінде міндетті әлеуметтік сақтандырудың қолданыстағы жүйесі туралы халықты кеңінен хабардар етудің маңызы артып келеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 6,6 млн. жұмыс істейтін азамат әлеуметтік сақтандырумен қамтылды, оның ішінде Қарағанды облысы бойынша 387 282 азамат, ал Қордан тәуекелдердің бес түрі бойынша әлеуметтік төлемдерді жыл сайын шамамен 1,2 млн. адам алады, оның ішінде облыс бойынша 58 168 адам.
Осылайша, мүгедектігі бар адамдарға және асыраушысынан айырылған асырауындағыларға мемлекеттік базалық жәрдемақыларға қосымша Қордан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Бұл ретте, еңбекке қабілеттілігінен айрылу бойынша төлемнің ұзақтығы адам еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіргенге не жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін, асыраушысынан айрылғанда – бала кәмелетке толғанға дейін не ол білім беру ұйымын бітіргенге дейін, бірақ 23 жасқа толғанға дейін 45 жасқа жетуі мүмкін.
Жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер жұмыстан босату себебіне қарамастан, соңғы 2 жылда әлеуметтік аударымдар төленген жұмыссыз ретінде тіркелген адамдарға тағайындалады. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында 2022 жылғы 1 қыркүйекте осы төлемнің мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыссыздардың орташа айлық табысының 45% - на дейін ұлғайтылды.
Бұдан басқа, Ана мен баланы қолдау үшін Қордан жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларға әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін бала күтімі бойынша төлемдердің ұзақтығы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бір жарым жасқа дейін ұлғайтылды.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін дәстүрлі түрде ХҚКО арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік порталы, банктердің мобильді қосымшалары арқылы немесе sms-келісім арқылы төлем алу үшін жүгіну мүмкіндігі іске асырылғанын атап өтеміз.
Әлеуметтік төлемдердің мөлшері өз кезегінде әлеуметтік аударымдар төленген кірістерден анықталады. Сондықтан әлеуметтік аударымдарды уақтылы, үнемі және толық көлемде төлеу өте маңызды.
Әлеуметтік аударымдардың түсуі туралы ақпаратты электрондық үкімет порталы egov.kz. онлайн режимде, сондай-ақ Қордың филиалдары арқылы банктердің мобильді қосымшалары арқылы алуға болады.
«МӘСҚ» АҚ әзірлеген орыс және қазақ тілдеріндегі әлеуметтік аударымдардың артық (қате) төленген сомаларын төлеу және қайтару мәселелері бойынша әдістемелік құрал (бұдан әрі – Әдістемелік құрал) қосымша жіберіледі.
Әдістеме әлеуметтік аударымдарды төлеушінің құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдарды төлеу тәртібі, төлеушінің әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдарды қайтару тәртібі туралы ақпаратты қамтиды және бухгалтерлердің жұмысында пайдалануға арналған.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша толық ақпаратты www.gfss.kz сайттан немесе Қордың Қарағанды облысы бойынша филиалының телефоны бойынша 8 (7212)940-045, 940-021 алуға болады.