Ереже

БЕКІТІЛДІ:

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Шахтинск қалалық үшжақты комиссиясының шешімімен

2021 жылғы 21 сәуірдегі № 2 хаттамасы

 

ҚҮК шешіміне сәйкес, өзгерістермен:

(2012 жылғы 03 ақпандағы №2 хаттама)

 

 

Шахтинск қаласының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты әрекет ететін үшжақты комисснясы туралы

Ереже

 

  1. Жалпы ережелер

1.1.     Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Шахтинск қаласының тұрақты әрекеттегі үшжақты комиссиясының (бұдан әpi – Комиссия) қызметі Қазақстан Республиқасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі негізінде атқарушы билік органдары өкілдерінің, қала жұмыскерлері мен жұмыс берушілерінің, Комиссия жұмыс топтарының отырыстары, консультациялары, ұжымдық келіссөздері, еңбек және басқа да оған қатысты қатынастарды реттеудің негізгі бағыттары бойынша тараптар ұстанымдарын келістіру түрінде жүзеге асырылады.  

Комиссия сәйкес келісімдер мен шешімдермен рәсімделетін консультациялар мен келіссөздер өткізу жолымен әлеуметтік әріптестік тараптары мүдделерінің келісімдерімен қамтамасыз ететін тұрақты әрекеттегі орган болып табылады.

1.2.     Қаланың атқарушы органдарының өкілдері, жұмыскерлер мен жұмыс бepyшiлepдiң ретінде олардың белгіленген тәртіпте уәкілетті өкілдері Қалалық үшжақты комиссияның қатысушылары болып табылады.

1.3.     Белгіленген тәртіпте тіркелген жұмыскерлер мен жұмыс беруші бірлестігінің әрқайсы өз өкілдерін Комиссияның сәйкес тарапының құрамына жіберуге құқылы.

1.4.     Комиссия үйлестірушісі қала әкімі аппаратының әлеуметтік саласын жетекшілік ететін қызметкерлері санынан тараптардың бірлескен шешімі бойынша тағайындалады. Комиссия үйлестірушісі тараптардың қызметіне қатыспайды.  

1.5.     Комиссия тараптарының персоналды құрамын әрбір әлеуметтік әріптестік тарапы өз бетімен қалыптастырады. Әр тараптан Комиссия мүшелерінің саны сол тараптың қатысушылардың келісуімен белгіленеді, бірақ адам саны 3 адамнан кем болмауы керек.

Комиссия құрамында жұмыскерлер мен жұмыс беруші өкілдерін бекіту және ауыстыру әлеуметтік әріптестіктің сәйкес тарабына сай жүргізіледі.

Қаланың атқарушы органдарының өкілдерін бекіту және ауыстыру Шахтинск қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Жұмыскерлердің Комиссияда өкілеттілігіне қатысты даулы мәселелер жұмыскерлер өкілдерінің бірлескен мәжілісінде шешіледі.

Жұмыс берушілердің Комиссияда өкілеттігіне қатысты даулы мәселелер жұмыс берушілер өкілдерінің бірлескен мәжілісінде шешіледі.

1.6.     Комиссия өз қызметін қалалық келісімдегі тараптар қарастырған міндеттемелерді есепке ала отырып қалыптастырылатын және олардың қосымша ұсыныстары негізінде өзі бекіткен жұмыс жобасына сәйкес жүзеге асырады.

1.7.    Отырыстар жылына кемінде екі рет өткізіледі.

 

  1. Комиссия құқықтары

2.1. Комиссия:

1) өз отырыстарында әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы келісілген саясатты өткізу проблемасын қарастыруға;

2)       келісім жобасын әзірлеуде, осы келісімді іске асыруда, Комиссия шешімдерін орындауда жұмыс берушілер мен жұмыскерлер бірлестіктері өкілдерінің, кәсіпкерлер ассоциацияларының, қаланың атқарушы органдар өкілдерінің мүдделерін келістіруге;

3)       қаланың атқарушы органдар өкілдерінен, кәсіпкерлер ассоциацияларынан, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер бірлестіктері өкілдерінен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін жасалып жатқан және жасалған келісімдер туралы ақпарат сұрауға;

4)        қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға, орындалмаған жағдайда жауапты адамдарынан әлеуметтік әріптестік тарапына анықталған бұзушылықтарды жою және тапсырмалар мен қабылданған міндеттемелерді орандалмағанына кінәлі адамдарға тиісті шаралар колдану туралы ұсыныспен ақпарат жіберуге;

5)       атқарушы органдардан ұжымдық келіссөз жүрізуге және келісім, шешім жобаларын әзірлеуге, белгіленген келісім, шешімнің орындалуына бақылау ұйымдастыруға қажетті әлеуметтік жағдай туралы ақпаратгы сұрауға және алуға;

6)       уәкілетті мемлекеттік органдарының қарастыруына әлеуметтік және еңбек қатынастары саласында нормативтік құкықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге;

7)       ғалымдар мен мамандарды тартып жұмыс топтарын құруға;

8)       қаланың атқарушы органдарының, коғамдық бірлестіктердің жұмыскерлері және тәуелсіз сарапшыларды қалалық Комиссия отырыстарына шақыруға;

9)       Комиссия белгілеген мерзімде, атқарушы билік органдары, кәсіпкерлер ассоциацияларының өкілдері, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер бірлестіктерінің қарауына және орындауына міндетті бірлескен келісімдер мен шешімдерді қабылдауға;

10)     аталған ic-шаралардың ұйымдастырушыларымен келіскен тәртіпте әлеуметтік және еңбек қатынастары мен әлеуметтік әpiптecтік мәселелері жөнінде халықаралық, республиқалық, аймақаралық мәжілістерді, конференцияларды, конгресстерді, семинарларды өткізуге қатысуға құкылы.

 

  1. Комиссияның жұмыс топтары

 

3.1.     Комиссия шешімімен Комиссияның қалалық келісімдері мен шешімдерінің әзірлеп орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін, отырыстарға шығарылатын сұрактарды әзірлеу үшін Комиссияның тұрақты әрекеттегі және уақытша үшжақты жұмыс топтары (бұдан әpi - Жұмыс тобы) құрылады. 

Тараптар қатысушылары Жұмыс топтарының құрамына өз өкілдерін жібереді.

Жұмыс топтары мен Комиссияның ұйымдастырушылық жұмыстарын Үйлестіруші мен «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қамтамасыз етеді.

3.2.    Жұмыс топтарының отырыстары Жұмыс топтарының жетекшісі мен үйлестірушінің қолы қойылатын хаттамалармен рәсімделеді.

3.3.    Еңбек қатынастары саласындағы саясатты өткізу қызметтері жүктелген «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы тұрақты Жұмыс тобының жетекшісі болып табылады.

 

  1. Комиссия отырысын әзірлеу

 

4.1. Комиссия отырысының күн тәртібі жобасы Жұмыс тобының мүшелерімен комиссия жұмысы жоспарының, Комиссияның бұрын қабылдаған қаулылары, тараптардың ұсыныстары мен белгіленген тәртіпте ұсынылатын сәйкес материалдар негізінде құрастырылады.

 

 

 

Комиссияның қүн тәртібін құрастыру кезінде әр тарап жұмыс жоспарына кірмейтін Комиссия отырысының күн тәртібіне кірмейтін мәселелерді күн тәртібіне енгізуді ұсынуға құкылы.

Комиссия отырысына косымша мәселені шығаруға бастама жасағандар Жұмыс тобының отырысына дейінгі 10 күннің ішінде мәселенің Комиссия отырысында қарауға мақсатқа сәйкес дәлелі мен барлық қажеті материалдарды (анықтама, шешу жобасын) ұсынады.

4.2.    Әдеттегідей Комиссия отырысының қарауына Жұмыс тобы қарастырған мәселелер шығарылады.

4.3.    Әр тарап материалдары мен өткізу қажеттігінің жазбаша негіздеуімен Комиссияның кезектен тыс отырысын өткізу туралы ұсыныс жасауға құкылы. Басқа тараптан келіссөзді бастауға ұсыныс алған тараптар 10 күннің ішінде оларды талқылап келіссөзге кipicyгe міндетті.

4.4.    Ұсынылған Комиссия отырысы күн тәртібінің мәселелері жөнінде Үйлестірушіге: жүргізу тәртібі; анықтама хат; Комиссия шешімдерінің жобалары (ұсыныстары); отырысқа шақырылатын адамдар тізімі беріледі.

4.5.    Жұмыс тобында талқыланғаннан кейін күн тәртібіндегі әзірленген материалдар отырысқа дейінгі 7 күннен кешіктірілмей тараптармен келісу бойынша Комиссия отырысын өткізу күнін белгілейтін үйлестірушіге жіберіледі.

4.6 Отырысқа 5 күн қалғанда Комиссия мүшелері мен шақырылғандарды отырыстың өтетін күні, уақыты және орны туралы ақпарат береді және отырысқа дейінгі 2 күннен кешіктірмей олардың мекен-жайларына қажетті материалдар жолдайды.

Комиссияның кезектен тыс отырысы өткізілген жағдайда материалдар тікелей Комиссия отырысының алдында берілуі тиіс.

4.7.    Комиссия отырысына Комиссия құрамына кірмейтін жұмыс берушілер, жұмыскерлер мен атқарушы билік органдарының өкілдері, сонымен қатар мамандар мен басқа ұйымдардың өкілдері шақырылуы мүмкін.

Комиссия отырысына қатысуға өтінімдерді отырысқа дейінгі 5 күннен кешіктірмей сәйкес тараптар үйлестірушіге береді.

4.8.    Комиссия отырысына дейін отырысқа қатысушылардың тіркеуі өткізіледі.

4.9.    Комиссия отырысына көпшілік ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады. Пресс-релизді тараптардың ұсыныстарын ескере отырып жұмыс тобы әзірлейді.

4.10.  Комиссия отырыстары қала әкімдігі, Комиссияның жұмыс органы ұсынатын үймереттерде өткізіледі.

 

  1. Комиссия отырысын өткізу тәртібі

 

5.1.    Отырыс тараптар өкілдерінің үштен екісі болғанда заңды деп танылады.

5.2.    Отырысты облыстың атқарушы органдары тарапының төрағасы өткізеді.

5.3.    Қаланың атқарушы органдары тарапының төрағасы:

1)       Комиссияның бекітуіне отырыс күн тәртібі мен оның жұмыс регламенті жайындағы ұсыныстарды енгізеді;

2)       отырыстың осы ережеге сәйкес өткізілуін қамтамасыз етеді.

3)       ұсыныстардың қабылданған ретімен, ал қажет болған жағдайда себебін жариялап өзгертілген ретпен сөз береді;

4)       Комнссиямен бекітілген отырыс регламенті бұзылған жағдайда сөз сөйлеушіге ескерту жасауға немесе сөз бермеуге құқылы.

5.4.    Баяндауға, хабарландыруға, ақпаратқа, сөз сөйлеуге берілетін уакыт Комиссия қабылдаған отырыс регламентіне сәйкес белгіленеді.

Комиссия мүшелері мен шақырылғандар Комиссия отырысында төраға сөз бергенде сөйлейді.

 

 

Комиссия мүшесі:

1) Комиссия мен Жұмыс топтарының отырыстарында талқыланатын мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізуге;

2) Комиссияның тұрақты және уакытша жұмыс топтарының отырыстарына қатысуға құкылы.

Комиссия мүшесі:

1)       Комиссия мен Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға;

2)       Комиссия шешімдерінің жүзеге асырылуына жәрдемдесуге;

3)       ол өкіл болған жұмыскерлер бірлестіктеріне, кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер ассоциациясына Комиссия қызметі және Комиссияның қалалық келісімдері мен шешімдерінің орындалу барысы жөнінде жүйелі түрде ақпарат беруге міндетті.

Комиссия мүшесі тарап пен олардың мүддесі қорғайтын уәкілетті органдарының алдында тікелей жеке жауапты.

 

  1. Шешімдердің орындалуын бақылау және қабылдау тәртібі

 

6.1.    Комиссия өз шешімдерін сәйкес шешімдермен рәсімделетін келіссөздерде барлық тараптардың келісуіне жету негізінде қабылдайды.

6.2.    Келіссөздер барысында, егер тараптар келісімге келмесе, келіспеушілікті жою мен келіссөзді жалғастыру мезгілі бар соңғы жинақталған ұсыныстар енгізілген хаттама жазылады.

6.3.    Қаралатын мәселелер жайындағы шешімдер жобалары Комиссия мүшелеріне жазбаша және электронды түрде берілуі тиіс.

6.4.    Комиссия тараптар өкілдерінен шешім жобасын әзірлеуге, жобаға түзетулер мен толыктырулар енгізуге, оның редакциялық толықтыру үшін редакциялық комиссия құруға құкылы.

6.5.    Әлеуметтік әріптестік тараптары, Комиссия үйлестірушісі шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Келісімдердің, шешімдердің орындалуына жауаптылар Комиссия белгілеген мерзімге дейін келісімдердің, шешімдердің орындалу барысы жөнінде Комиссияға жарты жылда бip рет ақпарат беру үшін жазбаша ақпаратты Жұмыс тобына немесе үйлестірушіге жолдайды.

6.6.    Комиссия отырысының хаттамасына және шешімдерге отырыста төрағалық еткен әлеуметтік әріптестік тараптары өкілдерінің жетекшілері қол қояды. Жұмыс тобы хаттама мен шешімнің көшірмелерін әлеуметтік әріптестік тараптары өкілдерінің жетекшілеріне және шешімдердің орындалуына жауаптыларға жолдайды.

 

 

________________________________

Дата публикации
03 февраля 2022