Ұлттық жоба

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба туралы

 

ҚР Ұлттық экономика министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын әзірледі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілді.

Ұлттық жоба 4 негізгі бағыт бойынша 10 міндетті шешуге бағытталған:

  1. кәсіпкерлік белсенділікті арттыру;
  2. кәсіпкерлердің өсуін жеделдету;
  3. жаңа тауашаларды қалыптастыру;
  4. бәсекелестікті кешенді дамыту.

Бірінші бағыт шеңберінде кәсіпкерлік белсенділікті, оның ішінде ауылда, арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені көзделеді.

Ол өз ісін ашу үшін жағдай жасау, кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне, оның ішінде субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы дағдыларды дамыту жөніндегі шараларды қамтиды.

Сондай-ақ, осы бағытта келесі іс-шараларды іске асыру қарастырылған:

- «Түлектер үшін жастар тәжірибесі» жобасын іске асыру;

- «Осал топтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындары» жобасын іске асыру;

- «Қоғамдық жұмыстар» жобасын іске асыру;

- «Бірінші жұмыс орны» жобасын іске асыру;

- «Ұрпақтар келісімшарты» жобасын іске асыру;

- «Күміс жас» жобасын енгізу.

Халық арасында бизнес-құзыреттілікті арттыру үшін «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде және жұмыс берушілердің сұрауы бойынша оқу ұйымдарында кәсіпкерлік дағдыларға оқыту, сондай-ақ Enbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдыларға онлайн-оқытуды енгізу мүмкіндігі берілетін болады.

Кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуді көздейтін екінші бағыт бойынша кәсіпкерлерге әкімшілік жүктемені ауқымды төмендету жоспарлануда.

2025 жылға дейін мемлекеттік реттеудің барлық құралдарын (талаптар, рұқсаттар, есептілік, мемлекеттік бақылау) қайта қарау жүргізілетін болады. Сондай-ақ, есептілікті мемлекеттік органдардың тексеру жүйесімен интеграциялау қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік қызметтердің бизнес үшін қолжетімділігі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін «бизнеске арналған үкімет» порталымен біріктіру жолымен іске асырылатын болады.

Шағын және орта бизнес субъектілері үшін сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кредиттер бойынша кепілдік беру сияқты қаржылық ынталандыру шаралары қолжетімді болады.

Жаңа тауашаларды қалыптастыру жөніндегі үшінші бағыт шеңберінде туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған бірқатар шаралар көзделген.

Елдің туристік әлеуетін ашу мақсатында 1000 инвестициялық жоба іске асырылатын болады (оның ішінде орналастыру орындары, туристік кешендер, тақырыптық парктер, визит-орталықтар) жол бойындағы сервис желісін дамыту қамтамасыз етіледі.

Төртінші бағыт бойынша бәсекелестікті кешенді дамыту үш міндетті іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.

  1. Баға белгілеудің бұрмалануын жою арқылы электр энергетикасы саласындағы нарықтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Бұл міндет бәсекелес орталықтандырылған сауда - саттықта электр энергиясын өткізу көлемін ұлғайту, электрмен жабдықтау тарифтерін саралауды алып тастау және электр энергиясын жеткізушіні ауыстыру үшін онлайн-платформаны (marketplace) енгізу жөніндегі шараларды қамтиды.

  1. «Негізгі қуатқа» қолжетімділікті қамтамасыз ету және баға белгілеудің бұрмалануын жою шеңберінде биржалық сауданы дамыту.

Екінші міндет биржалық сауда-саттық көлемін ұлғайту, биржадан тыс мәмілелердің кемінде 50% - ын тіркеу, ашық биржалық баға белгілеулерді қалыптастыру, сондай-ақ биржалық сауда тәртібін регламенттеу арқылы іске асырылатын болады.

  1. Экономиканы мемлекет иелігінен алу.

Сондай-ақ, 20 монополиялық операторды тарату және қайта ұйымдастыру көзделеді. 2025 жылға қарай бірыңғай операторлар саны 30 бірлікке дейін 1,6 есеге қысқарады.

Ұлттық жоба нәтижелі жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамытуға; орта бизнесті - экономика салаларын әртараптандыру драйверін нығайтуға; кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар жасау үшін бәсекелестікті кешенді дамытуға бағытталған.

 

 

Национальный проект
Дата публикации
04 апреля 2022