Электрондық еңбек келісім-шарттары

Қазақстан Республикасының еңбек нарығы белсенді цифрландырылуда.

 

 

Электрондық еңбек шарттарын жасау қарқын алуда. Шарттар электрондық түрде жасалынатын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕШЕБЖ) енгізілді .

ҚР Еңбек Кодексінің 23-бабының 2-тармағы 27) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы, оған еңбек шартының мәліметтерін қамтитын енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті.

Еңбек шарттарын тіркеу https://www.enbek.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін «Электрондық еңбек биржасы» порталында (www.enbek.kz) тіркелу қажет, кәсіпорын туралы мәліметтер ЭЦҚ-мен расталуы керек. ЕШЕБЖ негізгі артықшылықтары: 

- қағаз құжаттарды жинау қажеттілігінің болмауына байланысты жұмысқа орналасу процесін жеңілдету;

- шарттың болуын, қорға жарналар мен аударымдарды көрсету, сондай-ақ жұмыс берушінің қызметкер алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік тәуекелдерден қорғау. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 03.09.2020 жылғы №353 бұйрығымен ЕШЕБЖ-не еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидалары бекітілді, онда ЕШЕБЖ-ға мәліметтерді енгізу тәртібі мен мерзімдері айқындалған.

Еңбек шарттарын жасаспағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 86-бабының 1-бөлігі бойынша 60-тан 150 АЕК-ке дейін (175 020-дан 437 550 теңгеге дейін) әкімшілік жауапкершілік көзделеді.

Құрметті жұмыс берушілер, ҚР Еңбек кодексінің талаптарын сақтау мақсатында  Сіздерден  Электрондық еңбек биржасы  порталында (www.enbek.kz) өз уақытылы жұмыстарды жүргізуді сұраймыз.

Электрондық еңбек келісімшарттар сұрақтары бойынша «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 3-59-47, 3-66-28, 3-59-12.

 

 

«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

 

 

Электронные трудовые договора
Дата публикации
28 марта 2022