
Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) табысы аз азаматтарға кешенді әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді: біріншіден, бұл ақшалай төлем; екіншіден, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар, яғни оқытуға, жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, шағын несие беруге, тұрақты жұмыс орындарына жолдама беру; үшіншіден, мүгедектерді әлеуметтік оңалтуды қамтитын әлеуметтік бейімдеу шаралары, заң кеңесін өткізу, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығындарды өтеуге тұрғын үй көмегін алуға жәрдемдесу; төртіншіден, табысы аз отбасылардың балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік топтама (азық- түлік жиынтығымен және тұрмыстық химия жиынтығымен қамтамасыз ету; оқу орны бойынша тегін тамақтануды, мектеп формасы мен мектеп керек- жарақтарын, қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді ұсыну). АӘК 2 түрге жіктеледі : шартсыз және шартты ақшалай көмек. Шартсыз ақшалай көмек еңбекке жарамсыз азаматтары бар отбасыларға немесе отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесі объективті себептермен жұмысқа орналасуға мүмкіндігі жоқ отбасыларға беріледі (үш жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек баланы, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж қарттарды күтуді жүзеге асырады). Шартсыз ақшалай көмек алу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті қатысу талап етілмейді. Шартсыз ақшалай көмек өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді. Шартты ақшалай көмек өз құрамында кемінде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға арналған және әлеуметтік келісімшарт жасалған және адал орындаған жағдайда көрсетіледі. Әлеуметтік келісімшарттың қолданылу мерзімі 3 ай. Шартты ақшалай көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады және ай сайын немесе әлеуметтік келісім-шарттың қолданылу кезеңіне бірыңғай түрде төленеді. АӘК тағайындау үшін табысы аз отбасылар (азаматтар) тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына, ауылдық жерлерде – ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне сәйкестендіру үшін өтініш пен жеке куәлік ұсынумен жүгінуге тиіс. Көмек көрсетуге құжаттарды қабылдау кезінде әңгімелесу өткізіледі, оның барысында мемлекеттік қызмет көрсету негіздері айқындалады: - шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алу үшін; - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының қажеттілігі; - әлеуметтік бейімдеу шараларының қажеттілігі. АӘК отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға тағайындалады. Бүгінгі күні кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде немесе 2021 жылдың 3 тоқсанына орта есеппен 24 556 теңге болып белгіленді . Осылайша, бір адамға (отбасына) келетін АӘК-тің мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс пен өңірлерде отбасының әр мүшесіне негізделген белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде есептеледі. Бұл ретте отбасының жиынтық табысына мынадай төлемдерден басқа барлық табыс түрлері енгізіледі: атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегі; жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы; он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; бірінші, екінші, үшінші топтардағы он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар; бірінші, екінші, үшінші топтардағы он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар; жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, техникалық және кәсіптік (мектептер, колледждер), білім беру ұйымдарының студенттеріне төленетін мемлекеттік стипендия; отбасына төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында көрсетілген көмек; бала тууға байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар; Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында табысы аз отбасылардан шыққан студенттерге көрсетілетін материалдық көмек; азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына байланысты «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес табысы аз азаматтарға мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден көрсетілген ақшалай немесе зат түріндегі көмек; Үлгілік қағидаларға сәйкес көрсетілетін біржолғы ақшалай көмек; қайырымдылық көмек; азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу; протездеу уақытында азаматтарды ұстау; азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген заттай көмек: дәрілік препараттар; санаторлық-курорттық емдеу; протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу); мүгедектерге бөлінген жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен оңалту құралдары; жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмаған отбасылардан шыққан мемлекеттік білім беру мекемелерінің студенттері мен оқушыларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес студенттер мен тәрбиеленушілердің өзге санаттарына ұсынылатын материалдық көмек; табысы аз отбасылардан шыққан балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмек; жетім баланы және (немесе) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алумен байланысты біржолғы төлемдер; бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударушыларға (әр отбасы мүшесіне) көшуге берілетін біржолғы төлем; «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығына сәйкес кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында біржолғы өтеу; тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы төлемнің бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы.
СМС-хабарлама түскен кезде Сізге ЭЦҚ көмегімен «Әлеумет» әлеуметтік қызметтер порталына кіріп және хабарлаған күннен бастап екі ай ішінде санаторийлік-курорттық емдеу алғыңыз келетін шипажайді таңдау қажет.
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 385/16 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне сәйкес Шахтинск қаласының және оған іргелес Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің аумағында жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығында тұрған тұрғын үйде тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға), чекті немесе шот-фактураны (жылыту маусымына есептегенде -7 ай) көрсете отырып, нақты шығыстар бойынша қатты отынды тұтынуды төлеуге әлеуметтік көмек көзделген - 16 айлық есептік көрсеткіш.
Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінен немесе отбасы атынан уәкілетті органға нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір жарым еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжатты ұсынады.
Есту аппаратымен мерзімінен бұрын қамтамасыз ету туралы шешімді қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімдері:
1) есту қабілеті нашарлаған және есту аппаратының басқа түрімен есту қабілетін түзету қажет болған кезде;
2) есту аппараты ұрланған немесе жоғалған кезде тиісті құжаттардың негізінде қабылдайды. Есту аппараты ұрланған кезде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарынан анықтама ұсынылады.