Сәтбаев қаласының еңбек әулеті мен жас мамандары «Еңбек жолы – 2026» байқауының облыстық кезеңінде үздіктер қатарында
Ұлытау облысында еңбек беделін арттыруға, еңбек дәстүрлерін насихаттауға, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және жас мамандарды қолдауға бағытталған республикалық «Еңбек жолы – 2026» байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқау қорытындысы бойынша Сәтбаев қаласының өкілдері кәсіби біліктілігі мен жоғары нәтижелерін көрсетіп, бірқатар номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болды.
«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша
Джанкоразов Ержан Онланұлы облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 1 орынға ие болып, Жанқоразовтар отбасын ұрпақтар сабақтастығына, мамандыққа адалдыққа және еңбекке деген құрметке негізделген лайықты еңбек әулеті ретінде таныстырды. Жанқоразовтар отбасы көптеген жылдар бойы еңбек дәстүрлерін сақтап, жалғастырып, аға буыннан жас ұрпаққа кәсіби тәжірибе, білім мен еңбек құндылықтарын жеткізіп келеді.
«Өндірістегі үздік жас жұмыскер» номинациясы бойынша
Тілекен Дәурен Еркеболатұлы байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпазы атанып, 1-орынға ие болды. Оның жеңісі кәсіби шеберлігінің, жауапкершілігінің, еңбекқорлығы мен жұмыстағы жоғары нәтижелерінің лайықты бағалануы болды. Дәурен Еркеболатұлы бастамашылдығымен, кәсіби дамуға деген ұмтылысымен ерекшеленіп, еңбек ұжымының дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Сәтбаев қаласы өкілдерінің байқауға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуі олардың кәсіби құзыреттілігінің, еңбекқорлығы мен жауапкершілігінің көрсеткіші болып табылады. Сонымен қатар бұл жетістіктер қаладағы жұмысшы мамандар мен жастардың жоғары әлеуетін айқындайды.
«Еңбек жолы» байқауы еңбекке деген оң көзқарасты қалыптастыруға, еңбек дәстүрлерін нығайтуға, сондай-ақ қоғамның дамуындағы кәсіби тәжірибе мен тәлімгерліктің рөлін арттыруға ықпал етеді.
«Еңбек жолы – 2026» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Оларға жаңа кәсіби жетістіктер мен республикалық деңгейде жоғары нәтижелер тілейміз!
"Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың (СЖТІТ) 2026 жылғы 31 тамызда аяқталғанын хабарлайды.
Жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айқындалып, талдамалық анықтама мен хаттама дайындалды, сондай-ақ анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерің және олардың туындауына ықпал ететін себептерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен: 2026 жылғы 27 шілдеден 25 тамызға дейін «Сәтбаев қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Сәтбаев қаласында 4447 мүгедектігі бар адамдар тұрады, осы азаматтарға келесі көмек түрлері көрсетіледі:
Мүгедектігі бар адамдардың жеке оңалту бағдарламасы шараларының 31.12.2025 жылдағы орындалуы 99,9% құрады.
Жүріп тұруы қиын кресло арбалармен жүретін 1 топтағы мүгедектігі бар азаматтарға тұрғылықты жерінен межелі пунктіне дейін және кері тасымалдау үшін инватакси қызметі жұмыс жасайды. Жыл басынан 74 адам инватакси қызметімен қамтылды.
2025 жылы бейімделуге жататын 13 нысан жоспарланып, бекітілді. Осы объектілерді бейімдеу үшін, мекеме басшыларына хат жолданды. Қазіргі таңда 10 объекті бейімделді. Олар «Айналайын» бөбекжайы, ЖШС «Ахметова», «Халық банк», «№27 жалпы білім беретін мектебі», «Б.Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ ғимараты, «Балдаурен» бөбекжайы, «Нұрбөбек» бөбекжайы, «Ақбота» бөбекжайы, «Виола» дәріханасы, «Общество инвалидов Нұр Мақсат».
2026 жылы бейімделуге жататын 21 нысан жоспарланып, бекітілді.
2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек 68 отбасыға (306 адам) тағайындалды.
2025 жылға бекітілген Ұлытау облысының аймақтық жұмыс орындарын құру картасына Тұжырымдамалар аясында Сәтбаев қаласы бойынша 19 жоба (105 жұмыс орны) енгізілген. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жобаларда барлығы 107 жұмыс орындары құрылған, орындалысы 102 % құрайды. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары 106 адамға аударылған.
2026 жылға жоспар 8 жобада 46 жұмыс орнын құрайды (кесте тіркелді).
«Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызмет аясында 2025 жылы еңбек иммигрантарынан 605 өтініш түсті. Жеке тұлғаларда үй шаруашылығында жұмыс атқару үшін 417 еңбек иммигрантына рұқсат берілді, 54 адамның рұқсаты ұзартылды.
«Сәтбаев қаласының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
басшы Б.Апеков
Құрметті Сәтбаев қаласының жұмыс берушілері мен кәсіпкерлері!
Сіздерді бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсына қатысуға шақырамыз.
Конкурстың мақсаты — жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру және арттыру.
Конкурс жыл сайын екі кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық деңгейде. Конкурсқа қатысу тегін.
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
Сонымен қатар «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы тағайындалған. Бұл номинацияда халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған бизнес жобалар қарастырылады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі — 2026 жылғы 01 шілдеге дейін.
Қосымша ақпарат алу үшін: «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, мекенжайы: Сәтбаев қ., Наурыз көшесі, 148, 4-кабинет. Байланыс телефоны: 3-32-84.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі бұйрығымен Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидалары бекітілген. Аталған қағидаларға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 және 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 302 бұйрықтарымен өзгерістер енгізілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан бұл мемлекеттік қызмет 2022 жылдың мамыр айынан бастап көрсетіліп келеді.
Еңбек етуге рұқсат Әзербайжан, Өзбекстан және Тәжікстан мемлекеттерінің азаматтарына жеке тұлғаларда үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) үшін беріледі.
Еңбек етуге рұқсат еңбек иммигранты өтінішінде көрсеткен мерзімге – 1 айдан 12 айға дейінгі аралықта беріледі. Рұқсат еңбек иммигрантының өтінішіне сәйкес бірнеше рет ұзартылуы мүмкін және ұзарту мерзімі 1, 2 немесе 3 айды құрайды. Ұзартуды қоса есептегенде рұқсаттың жалпы мерзімі 12 айдан аспайды.
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеу үшін еңбек иммигранты уақытша тұрған жері бойынша бұл мемлекеттік қызметті жұмыс берушімен бірлесіп алады. Қажетті құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, «электрондық үкімет» веб-порталы (egov.kz) немесе migration.enbek.kz порталы арқылы тапсыруға болады.
Алғаш рет жүгінген кезде келесі құжаттар ұсынылады:
- шетелдік пен жұмыс беруші қол қойған бекітілген нысанға сәйкес өтініш;
- Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртек (Табыс салығы Сәтбаев қаласының кірістер басқармасының арнайы шотына әр айға 4 АЭК-дан төленуі керек. 2026 жылға 1 АЕК -4325 теңге);
- соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжат;
- шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның, көшіп-қонушының, еңбекші көшіп-қонушының (оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттен) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды (берілген күні 12 айдан аспайтын 028/Е нысанындағы медициналық анықтама);
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және "Бірыңғай сақтандыру дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандыру;
- жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісім.
Рұқсат алынғаннан кейін жұмыс беруші еңбек иммигрантымен еңбек шартын жасайды және еңбек шартын жасасу немесе тоқтату туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасында көзделген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізеді не "hr.enbek.kz" веб-порталында электрондық еңбек шартын жасасады.
Рұқсаттың мерзімі аяқталар алдында ұзартуға өтініш күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес және қолданыстағы рұқсат мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 5 күннен кешіктірілмей беріледі.
Рұқсатты ұзарту үшін келесі құжаттарды өткізу қажет:
- шетелдік пен жұмыс беруші қол қойған бекітілген нысанға сәйкес өтініш;
- Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртек (Табыс салығы Сәтбаев қаласының кірістер басқармасының арнайы шотына әр айға 4 АЭК-дан төленуі керек. 2026 жылға 1 АЕК -4325 теңге);
- соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжат;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және "Бірыңғай сақтандыру дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандыру;
- жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шарты.
Өтініш түскен күнді есептемегенде, рұқсат беру, ұзарту немесе бас тарту туралы шешім жергілікті ішкі істер органдарымен (көші-қон полициясымен) 1 жұмыс күні ішінде келісіліп, 2 жұмыс күні ішінде рәсімделеді.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
«Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметі бойынша 2025 жылы барлығы 599 қызмет көрсетілді. Оның ішінде 417 адамға рұқсат берілді, 54 рұқсат ұзартылды, ал 128 адамға рұқсат беруден бас тартылды.
Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 06/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 223 «Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2601 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізу жобасы, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында әзірленді.
Осы шешім жобасын қабылдаудың мақсаты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.
Сәтбаев қаласының әкімдігінің және Сәтбаев қалалық мәслихатының қаулысы мен шешімінің жобасы «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ интернет-ресурсында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2026 жылдың 05 қаңтарында жарияланды.
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 193 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы жобасы, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында әзірленді.
Осы шешім жобасын қабылдаудың мақсаты заңнамаға сәйкес жаңа шешімдер әзірлеу.
Сәтбаев қалалық мәслихатының шешімінің жобасы «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ интернет-ресурсында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2026 жылдың 05 қаңтарында жарияланды.
Сәтбаевқаласының жұмыспен қамтужәнеәлеуметтікбағдарламаларбөлімі"ММ аз қамтылғанотбасыларға(азаматтарға)" тұрғын үйкөмегінтағайындау"мемлекеттікқызметінұсынады.
Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығында тұрған тұрғын үйде тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік қордан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға жергілікті бюджет қаражаты есебінен беріледі.Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерді тұтыну, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлем қызметтері, Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану шығыстарының сомасы мен жергілікті өкілді орган белгілеген осы мақсаттарға аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) шығыстарының жол берілетін шекті деңгейі арасындағы айырма ретінде айқындалады. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) - отбасының (адамның) жиынтық табысына Шығыстың шекті жол берілетін деңгейінің үлесі Сәтбаев қаласы бойынша - 5% -. құрайды. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға "тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы"ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 8 желтоқсандағы №117 бұйрығымен айқындалатын тәртіппен есептейді.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:
1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір адамға он бес текше метрден аспайды;
2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;
3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары: бір адамға төрт метр текше метрден аспайтын суық су; бір адамға екі метр текше метрден аспайтын ыстық су;
4) тұтынушыларға арналған жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары бір адамға айына нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды;
5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;
6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;
7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;
8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар;
9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;
10) бір адамға шаққандағы квадратура нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ нақты Алып жатқан алаңнан аспайтын, жалғыз тұратын адам үшін отыз шаршы метрден аспайтын.».
Тұрғын үй көмегітоқсанына бір реттағайындалады, ай сайынтөленеді,барлыққажеттіқұжаттармен"Азаматтарғаарналған үкімет"мемлекеттіккорпорациясына(ХҚКО)жүгінугенемесе"электрондықүкіметтің"веб-порталыарқылыөтініш беруге болады.
Қажетті құжаттар:
1.(кірістертуралы тоқсан сайынғымәліметтер, Коммуналдықшығыстартуралы тоқсан сайынғы мәліметтер, телефон үшін абоненттіктөлемшығыстарытуралымәліметтер,).
2.Мемлекеттіктұрғынүйқорынан тұрғын үйді жәнежекетұрғынүйқорынанжергіліктіатқарушыорган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаныүшіншығыстар(жалдауақысытуралытүбіртек).
3.Өзімен бірге ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болуы тиіс.
«ЖҚ және ӘББ»ММ бас маманы :Р.Тукаева