Меню

Страницы

Статья

ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ

Жастар практикасына қатысуға оқу орнын аяқтаған соң алған мамандығы бойынша жұмыс өтілі жоқ түлектер қатысуға құқылы.

Жастар практикасы қаланың барлық мекемелері, ұйымдары және кәсіпорындарында ұйымдастырылып, жүргізіледі.

Уәкілетті орган жұмыс берушілермен келісім-шарт негізінде жұмыс атқарады.

Келісім -шартта жұмысқа қабылданатын жұмыссыздардың саны, жұмыс беруші жұмысқа қабылдайтын кәсіптің (мамандықтың) тізімі көрсетіледі.

Оқу орындарының түлектеріне – жұмыссыздарға уақытша жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген жұмыс берушілер уәкілетті органмен келісім – шарт жасайды.

Жастар практикасын жүргізу ісшараларын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады

Жастар практикасына қатысушылардың ебек ақысын төлеу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен  ағымдағы жылға белгіленген көлемде жұмыс істеген уақытына Уәкілетті орган арқылы жүргізіледі (2020 жылы 25 АЕК, яғни 66275 теңге).

Жастар практикасына қатысу мерзімі 6 айды құрайды.

Практика аяқталған соң, егер жұмыс берушіде бос жұмыс орны болса, тұрақты жұмысқа қабылдайды, жұмыс орны болмаған жағдайда мінездеме беріп, практика өткені туралы еңбек кітапшасына көрсетеді.

2020 жылда дейін жастар практикасына 75 адам жіберілді (жылдық жоспар 63 адам).

Дата публикации
09 декабря 2020
Дата обновления
09 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
27 декабря 2024
Әлеуметтік осал топтар санатындағы адамдарға көрсетілген көмектер туралы ақпарат 30.12.2024 ж
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
13 октября 2022
Отбасының цифрлық картасы арқылы 5,5 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы