Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік осал топтар санатындағы адамдарға көрсетілген көмектер туралы ақпарат 30.12.2024 ж

 «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламалар бөлімі» халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға көмек көрсету бойынша жұмыс жасайды.

Сәтбаев қаласында 4027 мүгедектігі бар адамдар тұрады.

  • жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және

есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманымен 107 адам қамтылды.

  • міндетті гигиеналық құралдармен 665 адам қамтылды.
  • мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен жыл басынан 385 адам қамтылды.
  • сурдо-тифло  құралдармен 127 қамтылды.
  • протезді-ортопедиялық құралдармен 177 адам қамтылды.
  • кресло-арбалармен 59 адам қамтылды.

Жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға, мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бойынша 3 бөлімшесі жұмыс істейді, онда 154 жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға және 61 бала жастан мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсетілді.

Бүгінгі таңда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған күндізгі орталығы жұмыс істейді. Бұл орталық мүгедектігі бар балаларға арналған. Балалар орталықта, толық күн, онда олар үшін тамақтану және күндізгі ұйқы ұйымдастырылған.

Көп балалы аналар, 1,2 және 3 топтағы мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар балалар, тыл еңбеккерлері, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген адамдар, ең төменгі зейнетақы мөлшерін алатын зейнеткерлер, қалаішілік қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жол жүру билеттерін пайдаланады.

  • Жүріп тұруы қиын кресло арбалармен жүретін 1 топтағы мүгедектігі бар азаматтарға тұрғылықты жерінен межелі пунктіне дейін және кері тасымалдау үшін: жұмысқа, оқу орындарына, жергілікті өкілеті және атқарушы органдарға, әлеуметтік сала объектілеріне, медициналық мекемелерге инватакси қызметі жұмыс жасайды. Барлығы 24 адам қызметпен қамтамасыз етілді.

2024 жылы ақпан айында  Ауған соғысының 54 ардагерлеріне  300,0 мың теңгеден жалпы 16200,0 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек төленді.

  • 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында – 2200 көпбалалы аналарға 20000 мың теңгеден, 44000,0 мың теңге  көлемінде біржолғы материалдық көмек төленді.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай жергілікті бюджеттен тыл еңбеккерлеріне, бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь тұтқынына, қайтыс болған ҰОС ардагерледің әйелдеріне және Кеңес Армиясының мүгедектеріне біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Барлығы 19600,0 мың. теңге көлемінде.

2024 жылы 1 қазан қарттар күніне орай, 70 жастан асқан 2500 қарт адамдарға 20,0  мың теңгеден біржолғы материалдық көмек көрсетілетін  болады.

2024 жылы  қазан айының екінші жексенбісінде 1,2,3 топтағы және бала жастан  мүгедектігі бар  4800 адамға 20,0  мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

Желтоқсан айының аяғында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 316 бала жастан мүгедектігі бар балаларға 20,0 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

Халықтың аз қамтылған, әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады.

 

«Сәтбаев қаласының

жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» ММ

басшысы                                                                      Б.Апеков

Дата публикации
27 декабря 2024
Дата обновления
27 декабря 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
27 декабря 2024
Әлеуметтік осал топтар санатындағы адамдарға көрсетілген көмектер туралы ақпарат 30.12.2024 ж
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
13 октября 2022
Отбасының цифрлық картасы арқылы 5,5 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы