1. Жалпы ережелер
1. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі-мемлекеттік мекеме) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік саясатты жүргізу үшін құрылған коммерциалық емес ұйым.
2. Мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік мекеме, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
5. Мемлекеттік мекеме мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттілік берілген жағдайда.
6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Мемлекеттік мекеменің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы,Қарағанды облысы, 101301, Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 148 үй.
9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы – «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.