Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Сәтбаев қаласы азаматтарының келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
1) мәртебесі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабымен айқындалған, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға – тегін жол жүру;
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – тегін жол жүру;
3) еңбек ардагерлеріне – тегін жол жүру;
4) зейнеткерлерге – тегін жол жүру;
5) бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – тегін жол жүру;
6) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – тегін жол жүру;
7) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға және «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға – тегін жол жүру.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |