1.«Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қазандағы №57/03 «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін: «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесінің 8 тармағындағы қазақ тіліндегі «Қарағанды облысы» сөзі «Ұлытау облысы» сөзіне, орыс тіліндегі «Карагандинская область» сөзі «область Ұлытау» сөзіне ауыстырылсын.
2. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (Апеков Б.Т.) Ережеге енгізілген өзгерістердің уәкілетті тіркеуші органда тіркелуін қамтамасыз етсін және заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.