«Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламалар бөлімі» халықтың жұмыспен қамту және әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға көмек көрсету бойынша жұмыс жасайды.
- Сәтбаев қаласы бойынша жұмыс орындарын құру тұжырымдамалары бойынша 8 жобаның аясында жоспардағы 37 жұмыс орыны толығымен құрылды. Қалған 1 жоба бойынша 47 жұмыс орындары, 320 орындық балабақша қолданысқа берілгенен кейін орындалады.
2024 жылдың басынан мүмкіндігі шектелген азаматтармен атқарылған жұмыстар:
Жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға, мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бойынша 3 бөлімшесі жұмыс істейді, онда 154 жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға және 53 бала жастан мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсетілуде.