Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидалары

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-2-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) еңбекші көшіп келушілер – еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй қызметкері ретінде келген көшіп келушілер;

      2) еңбекші көшіп келушіге рұқсат – жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) үшін еңбекші көшіп келушіге берілетін, белгіленген нысандағы құжат;

      3) жұмыс берушіжеке тұлға – үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) үшін еңбекші көшіп келушіні тартатын тұлға;

      4) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге жеке тұлғаға тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны.

  1. Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, Бірыңғай байланыс орталығына және Мемлекеттік корпорацияға электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жібереді.
Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидалары
Дата публикации
10 декабря 2024