Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу

"Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін көрсету туралы

"Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі шетелдіктерге – еңбекші көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында жеке тұлғада еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық береді.

Жеке тұлға - еңбекші көшіп келуші мемлекеттік қызметті алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) жеке өзі жүгіну арқылы өтініш береді.

Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ол берілген әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағындағы үй шаруашылығындағы жұмыс беруші - жеке тұлғалардың жұмыстарын орындау (қызметтер көрсету) үшін ресімдеу қажет.

Рұқсатты Қазақстан Республикасы визасыз келу және болу тәртібі туралы келісімдер жасасқан, Қазақстанда кемінде үш ай мерзімге визасыз болу мүмкіндігін көздейтін елдердің азаматтары болып табылатын шетелдіктер (Әзірбайжан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары) алуға құқылы.

Жеке тұлғаға - еңбекші көшіп келушіге Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - өтініш түскен күнді есептемегенде 2 жұмыс күні.

Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу
Дата публикации
23 апреля 2024