"Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ 2024 жылдың 1 қаңтарға дейін атқарылған жұмыстар туралы

"Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ 2024 жылдың 1 қаңтарға дейін атқарылған жұмыстар туралы

 

"Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі функциялары мен міндеттері жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Бөлім жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықтың аз қамтылған, әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізуде.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша:

2024 жылдың 1 қаңтарында жұмыспен қамту мәселелері бойынша барлығы 2302 адам жүгінді, оның ішінде:

- тұрақты жұмыс орындарына - 1592 адам орналастырылды.

- әлеуметтік жұмыс орындарына - 28 адам жіберілді;

- жастар тәжірбиесі - 67 адам жіберілді;

- қоғамдық жұмыстарға - 258 адам жіберілді;

- алғашқы жұмыс орнына - 47 адам;

- ұрпақтар келісім шарты -4 адам;

- күміс жас жобасы бойынша 131 адам тұрғызылды.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асырып, өісін ашуға 15 адамға мемлекеттік қайтарымсыз 400 АЕК көлемінде грант берілді.

Мүгедектігі бар тұлғалар бойынша:

Сәтбаев қаласында 4480 мүгедектігі бар адамдар тұрады, оның ішінде 1 топ мүгедегі- 298, 2 топ мүгедегі – 1500, 3 топ мүгедегі- 2379 және бала жастан мүгедек балалар саны- 303 адам.

  • жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманымен 146 адам қамтылды;
  • міндетті гигиеналық құралдармен 593 адам қамтылды;
  • мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен жыл басынан 371 адам қамтылды;
  • сурдо-тифло құралдармен 157 адам қамтылды;
  • протезді-ортопедиялық құралдармен 152 адам қамтылды;
  • кресло-арбалармен 54 адам қамтылды;

Жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға, мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бойынша 3 бөлімшесі жұмыс істейді, онда 159 жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге және 60 мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетіледі.

Бүгінгі таңда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған күндізгі орталығы жұмыс істейді. Бұл орталық мүгедек балаларға арналған. Балалар орталықта, толық күн, онда олар үшін тамақтану және күндізгі ұйқы ұйымдастырылады.

1,2 және 3 топтағы мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар балалар, тыл еңбеккерлері, ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар, ең төменгі зейнетақы мөлшерін алатын зейнеткерлер, көп балалы аналар қалаішілік қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жол жүру билеттерін пайдаланады.

"Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ 2024 жылдың 1 қаңтарға дейін атқарылған жұмыстар туралы
Дата публикации
16 февраля 2024