Сәтбаев қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Сәтбаев қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен

тәртібін айқындау туралы

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сәтбаев қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы № 71 «Сәтбаев қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 67-20 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сәтбаев қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Дата публикации
14 февраля 2024