Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Сәтбаев қаласы азаматтарының төмендегі санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – тегін жол жүру;
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – тегін жол жүру;
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге – тегін жол жүру;
4) еңбек ардагерлеріне – тегін жол жүру;
5) зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерге – тегін жол жүру;
6) бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – тегін жол жүру;
7) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – тегін жол жүру;
8) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар аналарға, «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған аналарға – тегін жол жүру.».
Сәтбаев қаласының әкімі Ш.Әубәкір
Қалалық мәслихат төрағасы Қ.Балмағамбетов