Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Cәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары

  1. Осы Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Cәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртiбiн белгiлейдi.
Құжат
Дата публикации
23 декабря 2020