Хаттама №4 Сәтбаев қаласының еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу бойынша және әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның отырысы

Төрағалық етуші – Ыдырысов А.А., Сәтбаев қаласының әкімі, комиссия төрағасы.

Қатысқандар: комиссия мүшелері және шақырылғандар (тізім бойынша).

 

 

Күн тәртібі

 

  1. «Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау, оның ішінде жұмыскерлерді арнайы киіммен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және техника мен еңбек құралдарын жаңарту (жаңғырту) жөніндегі нұсқамаларды міндетті түрде өткізу туралы»;
  2. «Балалар еңбегі және балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою мәселесі бойынша Сәтбаев қаласындағы жағдай туралы»;
  3. «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін Сәтбаев қаласының үшжақты комиссиясы мен оның жұмыс тобы туралы ережелерге өзгерістер енгізу туралы».

 

«Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау, оның ішінде жұмыскерлерді арнайы киіммен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және техника мен еңбек құралдарын жаңарту (жаңғырту) жөніндегі нұсқамаларды міндетті түрде өткізу туралы»

____________________________________________________________________

"Жезқазғантүстімет" ӨБ "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС, "Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны" ЖШС, «Сәт Тазалық» ЖШС

 

Сұрақты талқылап, Сәтбаев қалалық еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу бойынша және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссиясының мүшелері шешім етті:

  1. Осы мәселе бойынша "Жезқазғантүстімет" ӨБ "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің, "Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны" ЖШС-нің, «Сәт Тазалық» ЖШС-нің ақпараттары назарға алынсын.
  2. "Жезқазғантүстімет" ӨБ "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің, "Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны" ЖШС-нің, «Сәт Тазалық» ЖШС-нің әкімшіліктеріне:

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайы үшін барлық деңгейдегі басшылардың жауапкершілігін арттыру; кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту; кадрлық әлеуеттің кәсіби қабілеттерін бағалау бойынша шаралар қабылдау;

- жұмыс қабілеттілігін жақсартуға, кәсіпорынның өнімділігін арттыруға бағытталған жетілдіру және жаңарту бойынша жабдықтарды жаңғыртуды қамтамасыз ету;

- әрбір өндірістік учаскеде қауіпсіз жұмысты ұйымдастырудың жаңа, озық әдістерін енгізу.

- кәсіпорындарда өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша алгоритмдер мен іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

- кәсіпорындарда өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша іс-шаралар жоспары мен алгоритмнің орындалуына мониторинг жүргізу;

- осы шешімнің орындалуы туралы 2022 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үшжақты Комиссияны хабардар етсін.

  1. Комиссияның жұмыс тобы осы шешімді "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің сайтында орналастырсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау комиссияның жұмыс тобына жүктелсін.

 

 

  1. «Балалар еңбегі және балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою мәселесі бойынша Сәтбаев қаласындағы жағдай туралы»

 

Сәтбаев қаласының полиция бөлімі" ММ, "Сәтбаев қаласының білім бөлімі" ММ, "Сәтбаев қаласының Жастар ресурстық орталығы"КММ

 

Сұрақты талқылап, Сәтбаев қалалық еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу бойынша және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссиясының мүшелері шешім етті:

  1. Осы мәселе бойынша «Сәтбаев қаласының полиция бөлімі» ММ-нің, «Сәтбаев қаласының білім бөлімі" ММ-нің, "Сәтбаев қаласының жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ақпараттары назарға алынсын.
  2. "Сәтбаев қаласының полиция бөлімі" ММ, "Сәтбаев қаласының білім бөлімі" ММ басшыларына:

- жасөспірімдер арасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты жалғастырсын;

- жауапкершілік шараларын түсіндіру бойынша балалардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын күшейтсін;

- балалар еңбегі мен балалар еңбегінің ең нашар түрлерін пайдалануға жол бермеу жөніндегі жұмысты тұрақты бақылауда ұстасын.

  1. Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ММ, "Сәтбаев қаласының Жастар ресурстық орталығы" КММ басшыларына:

- "Жасыл ел" жасағы жауынгерлерінің санын арттыру мәселесін қарастырсын.

  1. "Сәтбаев қаласының Жастар ресурстық орталығы" КММ басшысына:

- Сәтбаев қаласының жастары арасында 2022 жылға арналған іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары әзірленсін.

  1. "Сәтбаев қаласының полиция бөлімі" ММ, "Сәтбаев қаласының білім бөлімі" ММ, "Сәтбаев қаласының Жастар ресурстық орталығы"КММ басшыларына:

- осы шешімнің орындалуы туралы 2022 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үшжақты Комиссияны хабардар етсін.

  1. Комиссияның жұмыс тобы осы шешімді "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің сайтында орналастырсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау комиссияның жұмыс тобына жүктелсін.
  3. «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін Сәтбаев қаласының үшжақты комиссиясы мен оның жұмыс тобы туралы ережелерге өзгерістер енгізу туралы»

Тараптар

        

Атқарушы билік органдарынан өкілдер құрамында болған өзгерістерге байланысты, Сәтбаев қалалық еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу бойынша және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссиясының мүшелері шешім етті:

  1. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Сәтбаев қаласының тұрақты жұмыс істейтін үшжақты комиссиясы туралы Ережеде

         3.2. тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Комиссияның қарауына, әдетте, жұмыс тобында алдын ала қаралған мәселелер енгізіледі (тараптарды түзетуді талап етпейтін ақпараттық сипаттағы мәселелер жұмыс тобының отырысында талқыланбайды).».

         3.4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Тұрақты жұмыс істейтін жұмыс тобының қызметін Әлеуметтік сала және халықты жұмыспен қамту саласында саясатты жүргізу жөніндегі функциялар жүктелген Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары, ол болмаған кезде «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы немесе тараптар өкілдерінің бірі басқарады.».

  1. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Сәтбаев қаласының тұрақты жұмыс істейтін үшжақты комиссиясының тұрақты жұмыс істейтін жұмыс тобы туралы Ережеде

         6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Жұмыс тобының қызметіне Әлеуметтік сала және халықты жұмыспен қамту саласында саясатты жүргізу жөніндегі функциялар жүктелген Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары, ол болмаған кезде «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы немесе тараптар өкілдерінің бірі басқарады.».

         12 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Жұмыс тобының отырысын Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары, ол болмаған кезде «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы немесе тараптар өкілдерінің бірі басқарады.».

Комиссия төрағасы,

Сәтбаев қаласының әкімі                                                                       А. Ыдырысов 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 декабря 2021