Шешім «Балалар еңбегі және балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою мәселесі бойынша Сәтбаев қаласындағы жағдай туралы»

«Сәтбаев қаласының полиция бөлімі» ММ-нің ақпараты бойынша.

2021 жылдың  қараша айына дейін Сәтбаев қаласы бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында балалар еңбегі және балалар еңбегінің ең нашар түрлерімен құқықбұзушылық анықталған жоқ. Алайда, Сәтбаев қаласының аймағы бойынша жүргізілген жедел іс-шара барысында ювеналды полицияның инспекторларымен жасөспірімдердің ойын-сауық орталықтарында, кафе-тойханаларда даяршы болып қызмет атқарулары анықталды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК 442 бабының 1 бөлімімен 2020 ж.-8 дерек, 2021 ж - 6 дерек анықталып, жасөспірімдердің ата-аналарына және ойын-сауық орталықтарының иелеріне тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды. 

 Қарағанды облысының полиция Департаментінің нұсқауы бойынша жыл басынан 18 жедел профилактикалық іс-шара өткізілді. Полиция бөлімінің жоспарына сәйкес 10 ауқымды профилактикалық іс-шар өткізілді. Мысалы; қаңтардың 05-мен 07-ы аралығында «Құқықтық тәртіп», ақпанның 23-мен 27-сы «Жасөспірім», наурыздың 12- мен 18-і «Құқықтық тәртіп», наурыз айының 26-сы, мамырдың 15-і, маусымның 9-да «Балалар түнгі қалада», сәуірдің 15-17-і аралығында «Жасөспірім», мамырдың 17-нен маусымның 16-сы аралығында «Қауіпсіздік жол», тамыздың 10-22-сі «Балаларды қорғаймыз», «Абайларңыз балалар», «Балалар түнгі қалада», қыркүйектің 23-не дейін «Абайлаңыз балалар», қыркүйектің 13-19-ы аралығында «Жасөспірім» атты профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында құзырлы мекемелермен бірлесіп, «Ақшам» телеарнасымен «Шарайна» газетінің мамандарының қатысуымен ювеналды полицияның профилактикалық есебінде тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріп, профилактикалық жұмыстар атқарылды.

Ювеналды полиция инспекторлары мектеп әкімшіліктерімен бірлесіп, оның ішінде әлеуметтік педогог,  мектеп психологтарымен аз қамтылған отбасы, толық емес отбасы, өгей әкелермен тұратын отбастарында тәрбиеленетін жасөспірімдерді  мекен-жайы бойынша тексеріліп, қылмыстың алдын алу мақсатында, оның ішінде жыныстық қатынасқа түсу, зорлық-зомбылық, қол сұқпаушылық деректері бойынша профилактикалық жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар,  анасымен жасөспірімнің қиын жағдайға түсу деректері бойынша жұмыстар атқарылып, анықталған жағдайда Сәтбаев қаласы «Қамқор» әлеуметтік қолдау  орталығына анамен жасөспірім уақытша орналастырылуда. Жыл басынаң 21 жасөспірім орналастырылды, оның ішінде 11 жасөспірім ювеналды полиция қызметкерлерімен, 10 жасөспірім өзге құзырлы органдарымен бірлесе. Ювеналды полиция инспекторларымен, қамқоршы және қадағалаушы бөлімінің қызметкерлерімен, мектеп әкімшіліктерімен бірлесіп, ювеналды полицияның есебінде тұрған жайсыз отбастарының тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріліп, профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Ювеналды полицияның инспекторларымен Сәтбаев қаласында орналасқан «ССК», «Кеншілер алаңы», «Жеңіс алаңы», Комаров, Гурба, Абай көшелерінде күнделікті профилактикалық рейдтік іс-шара өткізілуде. Сондай-ақ,  аптаның жұма, сенбі күндері мектеп әкімшіліктерімен бірлесіп, түнгі уақытта ата-ана қадағалауынсыз тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілінің қадағалауынсыз жүрген жасөспірімдерді анықтау мақсатында,  профилактикалық рейдтік іс-шара өткізілуде. Іс-шара барысында 2021 жылы шілде айында 286 жасөспірімдер, түнгі уақытта жүргендері үшін,  полиция бөліміне жеткізіліп, ҚР ӘҚБтК 442 бабы 2 бөлімімен 275 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту жасалса, ӘҚБтК 442 бабының 3 бөлімімен 15 ата-анаға  әкімшілік хаттама толтырылып, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып, 7 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынды.

Ювеналды полиция инспекторларымен басқада құзырлы мекемелермен бірлесіп, жасөспірімдер арасында қылмыстық құқық бұзушылықты алдын алу және балалардың еңбектері және балалар еңбегінің ең нашар түрлерін анықтау мақсатында күнделікті профилактикалық жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріп, профилактикалық жұмыстар атқарылуда.

"Сәтбаев қаласының білім бөлімі" ММ-нің ақпараты бойынша.

Жалпы балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тарту және бала еңбегін қанау мәселесі Сәтбаев қаласы бойынша тіркелген емес. Барлық мектептерде оқушылар мен ата-аналарға «Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсiп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар екенін ескерте отырып, түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылған.

Қоғамды ақпараттандыру мақсатында бала еңбегін қанау бойынша жыл сайын маусымның 1- мен 12 арасында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» атты Ұлттық ақпараттандыру кампаниясы ұйымдастырылады. Кампания барысында бала еңбегін қанауға қарсы профилактикалық рейдтер, бала еңбегінің ерекшеліктері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, кәмелетке толмағандармен әңгімелесу, буклеттер, жадынамалар таратылады, конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, байқаулар және концерттер ұйымдастырылады. Оқушыларға  «Халықаралық күннің негізгі ұрандары», «Балаларға қауіпті жұмыстарды қалай анықтауға болады», «Қандай жұмыстарды қарау керек және олар балаларға қалай әсер етеді?», «Статистика не дейді?», «Балаларға қауіпті жұмыстың үлгілері», «Мәселені шешудің ең тиімді жолы қандай?» «Балалар еңбегін жоюға қолдау көрсету» атты презентациялар көрсетілді.

Қарағанды  облысы білім басқармасы, қоғамдық қозғалыстардың  ұйымдастыруымен  «Бала еңбегін заңсыз пайдалану» тақырыбында өткен онлайн семинарына Сәтбаев қаласының  9-11 сыныптың 1600 оқушысы қатысты.

Тоқсан сайын балалар еңбегін қолданатын жерлерді анықтау мақсатында жүргізілген облыстық кең ауқымды «Түнгі қаладағы балалар» акциясының аясында «Жасөспірім және еңбек» алдын алу акциясы ұйымдастырылып, оған КЖТІЖТ инспекторлары, қалалық әкімдік жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы, қорғаншы және қамқоршы орган секторының мамандары және мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысады. Сонымен қатар 2021 жылдың маусым айында республикалық «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шара барысында ювеналды полиция тобының аға инспекторы мен білім бөлімінің мамандары СТА телеранасы арқылы қала тұрғындарына республикалық акцияның мақсаты балаға қарсы зорлық-зомбылық жою, бала еңбегінің қаналуына қарсы ісшаралар өткізілуі туралы ақпарат берді. Акция барысында қала көлемінде заңсыз бала еңбегін қолданатын: даяшы, автомашина жуушылар, тауар сатушылар, жүк тасушылар, кондукторлар, сұрау сұраушылар, жезөкшелікпен айналысушылық анықталмады.

20 қараша Бүкіл дүниежүзілік балалардың құқығын қорғау күніне орай қоғамның назарын балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне аудару, қатыгездікті төзбеушілік қарым – қатынастарын қалыптастыру мақсатымен 2021 жылдың 20 қазаны мен 20 қарашасы арасында республикалық «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» науқаны өтті. Аталмыш науқан аясында білім беру ұйымдарында қала жұртшылығының назарына балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату туралы жадынамалар таратылып, көпшілік халық жүретін жерлерге ілінді және мектептерде науқан аясында әр түрлі тақырыпта іс-шаралар жүргізілуде, оның ішінде бала еңбегі мәселесіде  қаралады.

2009 жылдан бастап білім бөлімі жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау секторының  Балалар қоғамдық қабылдауы жұмыс істеп келеді. Қоғамдық қабылдау туралы ақпарат барлық білім беру ұйымдарында жыл сайын жаңартылып отырылады. Директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен әлеуметтік педагогтар оқушылар күнделігі мен ата-аналар  назарына қатыгездік пен зорлық-зомбылық фактілері орын алған жағдайда қандай сенім телефондары мен қажетті көмек көрсете алатын қызметтің мекен-жайы туралы мәліметтерді ұсынып отырады.

"Сәтбаев қаласының жастар ресурстық орталығы" ақпараты бойынша.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы №27 қаулысымен қазіргі уақытта елімізде "Әлеуметтік студенттік несие" жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты-нақты әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша студенттердің белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

27 қыркүйек пен 15 қазан аралығында "Әлеуметтік студенттік несие" жобасы аясында қаламыздан 15 студент қатысты, оның ішінде 14 жастан 16 жасқа дейінгі – 7 адам, 17 және одан жоғары жастағы - 8 адам. 01-нен 15 қарашаға дейін 14-15 жас аралығындағы 10 студент 2 жоба бойынша жұмыс атқарды: 1. Ардагерім- ардағым (қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс, қайырымдылық акциялары); 2. Таза қала- таза ауа (қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік саласындағы жұмыс).

Жұмыс істеген сағаттардың жалпы саны - 1750. Бұл жұмысқа көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан балалар да тартылды. Сондай-ақ, жазғы кезеңде "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарында 14-18 жас аралығындағы 55 жастар жұмысқа орналастырылды, оған жергілікті бюджеттен 3 млн 825 мың теңге бөлінді. Үш маусымда 14 жастан асқан 15 балалар, 16 жастан және одан жоғары - 40 жастар қамтылды. "Жасыл ел" жастары жұмыс барысында қала көшелері мен алаңдарын қоқыстан тазартуға, гүлзарларды көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалауға үлес қосты.

Сұрақты талқылап, Сәтбаев қалалық еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу бойынша және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссиясының мүшелері ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы мәселе бойынша «Сәтбаев қаласының полиция бөлімі» ММ-нің, «Сәтбаев қаласының білім бөлімі" ММ-нің, "Сәтбаев қаласының жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ақпараттары назарға алынсын.
  2. "Сәтбаев қаласының полиция бөлімі" ММ, "Сәтбаев қаласының білім бөлімі" ММ басшыларына:

- жасөспірімдер арасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты жалғастырсын;

- жауапкершілік шараларын түсіндіру бойынша балалардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын күшейтсін;

- балалар еңбегі мен балалар еңбегінің ең нашар түрлерін пайдалануға жол бермеу жөніндегі жұмысты тұрақты бақылауда ұстасын.

  1. Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ММ, "Сәтбаев қаласының Жастар ресурстық орталығы" КММ басшыларына:

- "Жасыл ел" жасағы жауынгерлерінің санын арттыру мәселесін қарастырсын.

  1. "Сәтбаев қаласының Жастар ресурстық орталығы" КММ басшысына:

- Сәтбаев қаласының жастары арасында 2022 жылға арналған іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары әзірленсін.

  1. "Сәтбаев қаласының полиция бөлімі" ММ, "Сәтбаев қаласының білім бөлімі" ММ, "Сәтбаев қаласының Жастар ресурстық орталығы"КММ басшыларына:

- осы шешімнің орындалуы туралы 2022 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үшжақты Комиссияны хабардар етсін.

  1. Комиссияның жұмыс тобы осы шешімді "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің сайтында орналастырсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау комиссияның жұмыс тобына жүктелсін.

Тараптар:

 

Комиссияның төрайымы,

Сәтбаев қаласының әкімі                                                                      

А.А. Ыдырысов _______________

 

 

«Тау-кен-металлургия кәсіпорындары және аралас  өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің филиалы  Жезқазған кәсіподақ ұйымының төрағасы

А.С. Төлепбергенов _____________

 

Сәтбаев қалалық білім қызметкерлері кәсіптік одағы ұйымының төрайымы                                                             Г.Ж. Ильясова __________________

 

«Қызмет» мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің Жезқазған аймақтық филиалының төрайымы

Р.Қ. Қожабаева__________________

 

Жезқазған аймағы бойынша «Достойный труд» таукен, көмір және металлургия өнеркәсібі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы филиалының төрағасы                                                          Қ.С. Мұрзатов___________________

 

«Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны» ЖШС-ның директоры

Е.А.Тоқымбаев __________________

 

 

 

 

Дата публикации
21 декабря 2021